Санат: Пікір
-

Уварово ауылының тұрғыны Алина Фомина киокушинкай каратэден әлем чемпионы атанды
2026 жылғы 31 мамырда Астана қаласында киокушинкай каратэден әлем чемпионаты өтті, онда Алина жоғары спорттық шеберлігін көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Жарыс қорытындысы бойынша Алина кумитэ бөлімінде алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды, сондай-ақ ката бөлімінде үшінші орынды иеленді. Бұл жетістік спортшының қажырлы еңбегінің, кәсіби дайындығының және тәлімгерлер мен отбасы тарапынан үлкен қолдаудың нәтижесі…
-

🏥 №5 Қалалық клиникалық ауруханасында жұмыс кеңесі өтті
🏥 №5 Қалалық клиникалық ауруханасында жұмыс кеңесі өтті 📅 2026 жылғы 2 маусымда емдеу-профилактикалық ұйымдармен өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында №1 МӘС бөлімінің 2026 жылдың І тоқсанындағы жұмыс қорытындылары бойынша жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңеске бас дәрігердің орынбасары, ДКК төрайымы және емхана дәрігерлері қатысты. 📊 Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:🔹 жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтар арасында…
-

ҰРПАҚҚА ҮЛГІ БОЛАР ИГІ ІС
Жалағаш кентінің орталық алаңында тал егу акциясы ұйымдастырылып, игі шараға мектеп бітіргендеріне 40 жыл толған түлектер белсене қатысты. Туған жерге деген құрмет пен жанашырлықтың жарқын көрінісін танытқан азаматтар кенттің көркеюіне өз үлестерін қосып, орталық алаңға көшеттер отырғызды. Бұл – тек тал егу ғана емес, келер ұрпаққа өнеге болатын тағылымды іс. Осындай сауапты бастамаға атсалысқан барша…
-

Жыл басынан бері 131 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 131,3 мың адам қамтылып, 200,4 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Халықты жұмыспен қамтуды арттыру, кәсіпкерлікті дамыту және азаматтарды кәсіби оқыту бойынша қабылданып жатқан кешенді шаралар Үкіметтің ерекше бақылауында. Бұл міндеттерді іске асырудың негізгі тетіктері ретінде өңірлік жұмыспен қамту карталары, ұлттық жобалар және салалық мемлекеттік бағдарламалар…
-

Ұлытау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа цифрлық форматы – алғашқы цифрлық Smart Point ХҚКО ашылды
Ұлытау облысы елімізде жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО іске қосылған алғашқы өңір болды. Бұл – мемлекеттік қызметтерді алудың сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған заманауи әрі инновациялық кеңістік. Жоба халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, электрондық қызметтерді өздігінен пайдалану мәдениетін қалыптастыруға және азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың ыңғайлы, заманауи әрі технологиялық ортасын дамытуға бағытталған. Аталған оқиғаның…
-

Құқықтық кабинет жұмысы
Қабанбай ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің маманы ауыл тұрғындарына тегін құқықтық көмек берді. Егов арқылы алынатын анықтамаларды алуға ЭЦП кілт ашуға және басқа да мемлекеттік қызметтер бойынша әр түрлі қызметер көрсетілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1236275?lang=ru
-

📍 Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!
📍 Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!Біздің аймақ – көптеген этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етіп жатқан құтты мекен. Этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылық — мемлекетіміздің дамуының кепілі және әрбір азаматтың басты міндеті.🔎 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес:🚨 174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру: Бұл бап бойынша ұлттық ар-намысты және қадір-қасиетті…
-

Ашық есік күні
2026 жылын 05 маусымында Жамбыл облысы Әділет департаменті «Әділет кеңес береді» акциясы және мемлекет кепілдік берген заң көмегі корсету аясында «Асар» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталытыда ашық есік күнін өткізді.Бас маман А.Дуйсенбаева, адвокат А.Усубалиева, заң консультанты И.Азаматов, жеке сот орындаушы А.Утеуов және нотариалды палатаныңатқарушы директор Д.Маратұлы қызмет алушылар мен орталықтың қызметкерлерінеқұқықтық көмектерін көрсетті. Ақпарат…
-

Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Д. Байділдин азаматтарды жеке қабылдады
🔹️2026 жылғы 5 маусымда Балқаш қаласында Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Д.Байдильдин азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында қала тұрғындары әділет органдарының қызметі, сот актілерін орындау, құқықтарды тіркеу және өзге де құқықтық мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Барлық өтініш иелеріне қолданыстағы заңнама аясында қажетті түсіндірмелер беріліп, көтерілген мәселелерді одан әрі шешу бойынша ұсынымдар ұсынылды. Азаматтарды жеке…
-

АРЫСТА СЕНБІЛІК МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙГЕ ҰЛАСТЫ
Бүгін Арыс қаласында өткен жалпықалалық сенбілік тазалық шарасымен ғана шектелмей, көпшілікке ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мерекелі күнге айналды. Стадион тұрғын ауданындағы қыр беткейінде ұйымдастырылған игі іске арыстық кәсіпкерлер де белсенді қолдау білдіріп, қайырымдылық пен жанашырлықтың үлгісін көрсетті. Атап айтқанда, «Abeke» палау орталығы сенбілікке қатысқан тұрғындарға ыстық палау таратып, көпшіліктің алғысына бөленді. Ал «Арыс минералды су»,…
-

Қостанайда «Құқықтық марафон – 2026» өтті
Қостанай қаласында 300-ден астам қатысушының басын қосқан «Құқықтық марафон – 2026» іс-шарасы өтті. Марафонға құқық қорғау және арнаулы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, бизнес қауымдастықтың және медициналық ұйымдардың өкілдерінен құралған 12 команда қатысты. Іс-шара ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталды. Осындай бастамалар мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ…
-

Қаржылық ынтымақтастық пен инвестициялар: Қазақстан–Кувейт әріптестігінің жаңа перспективалары
Әл-Кувейт, 2026 жылғы 7 маусым – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Қаржы министрі Якуб Әл-Рефаимен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Кувейт арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру барысын талқылады. Қазақстан-Кувейт сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық…
-

САММИТТІҢ ТАБЫСТЫ ӨТУІНЕ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан қаласында өткен халықаралық деңгейдегі Саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтуіне елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты табысталды. Сол азаматтар қатарында бірқатар кентаулық еңбек адамдары бар. Қала әкімі Жандос Тасов марапат иелерін құттықтап, ауқымды іс-шараның сапалы өтуіне үлес қосқан әрбір азаматтың еңбегі маңызды екенін жеткізді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Алғыс хаты…
-

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!
Біздің аймақ – көптеген этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етіп жатқан құтты мекен. Этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылық — мемлекетіміздің дамуының кепілі және әрбір азаматтың басты міндеті.🔎 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес:🚨 174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру: Бұл бап бойынша ұлттық ар-намысты және қадір-қасиетті қорлау, азаматтардың айрықшалығын немесе толыққанды…
-

2026 жылдың 3 маусымында ҚР Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңды және оған ілеспе заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады
Заң қылмыстық рақымшылықты да, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша рақымшылықты да жүргізуді көздейді. Заңның негізгі мақсаты – қылмыстық саясатты ізгілендіру және азаматтардың борыштық жүктемесін төмендету.Қылмыстық рақымшылық шеңберінде қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес қылмыстар, сондай-ақ залал келтіруге алып келмеген не оны толық өтеген ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату…
