Санат: Пікір
-

«Азаматтарды қабылдау»
2026 жылдың 22 шілдесінде Алматы облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ж.Асадинұлы азаматтарға қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматша борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен ұстап қалу мөлшерінің мәселелесі бойынша құқықтық кеңес алды. Іс-шара халықтың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1264426?lang=ru
-

Алматыда соғыс ардагері Ілияс Кудин туған күнімен құттықтады
Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Жетісу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Ілияс Григорьевич Кудинді 99 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Қорғаныс министрінің атынан ардагерге құттықтау хаты мен естелік сыйлықтар табысталып, зор денсаулық, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тіленді. Әскери қызметшілер майдангерге көрсеткен ерлігі, қайсарлығы және Отан алдындағы адал…
-

Ақмола облысында ДДҰ-ның «Салауатты жұмыс орындары» бастамасын енгізу серпіні
Аурулардың негізгі кластары бойынша Ақмола облысы халқының инфекциялық емес сырқаттанушылығының динамикасын талдау еңбекке қабілетті жастағы азаматтар арасында қолайсыз үрдісті көрсетеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, әсер етудің негізгі факторлары мінез-құлық тәуекелдері (темекі шегу, алкогольді теріс пайдалану және теңгерімсіз тамақтану), халықтың алдын алу шараларының маңыздылығы туралы хабардарлығының төмендігі және салауатты өмір салтын ұстану болып…
-

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Ерекше назар мотокөлік жүргізушілеріне аударылуда, өйткені бұл санаттағы жол қозғалысына қатысушылар жол-көлік оқиғалары кезінде ауыр зардаптарға жиі ұшырайтын ең осал топтардың бірі болып табылады. Профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Жол қозғалысы қағидаларының сақталуын тексереді және қорғаныс жабдықтарын міндетті түрде пайдаланудың маңыздылығын түсіндіреді. Бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында заманауи техникалық құралдар, оның ішінде…
-

ҚАЙСАР ШАМШИДИНОВ «ТҮРКІСТАН БАРЫСЫ» АТАНДЫ
Түркістан облысы Сайрам ауданының Қарасу ауылындағы Жаңақұрылыс аумағында орналасқан Қарасу спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасындағы «Түркістан Барысы» облыстық іріктеу турнирі өз мәресіне жетті. Дәстүрлі дода жеңімпаздары енді республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде өңір намысын қорғайтын болады. Облыстың аудан-қалаларынан 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үздік шыққан 26 апайтөс балуан боз кілемде бақ сынап, «Түркістан барысы» атағы…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ 2026 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫН 126,3 ПАЙЫЗДЫҚ ӨСІММЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАП, РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығын жоғары әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен аяқтады. Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық өсім 126,3 пайызды құрап, өңір республика бойынша 1-орынға шықты. Жалпы өңірлік өнім көлемі бірінші тоқсанда 1 трлн 129,9 млрд теңгеге жетіп, өсім 109,6 пайызды құрады. Бұл нәтижелер Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кеңейтілген алқа отырысында талқыланды.…
-

СҚО-да прокуратура 47,5 млрд теңгелік инвестициялық жобаны іске асыруға кедергі болған дауды шешуге көмектесті
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының прокуратурасы құны 47,5 млрд теңгені құрайтын «Баян» вольфрам кен орнын игеру жөніндегі якорлық инвестициялық жобаның іске асырылуына әсер етуі мүмкін дауды шешуге ықпал етті. Жобаны «Ресурс-2018» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын толық қуатына шыққаннан кейін 1 000-ға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жобаны сүйемелдеу барысында…
-

«Заң мен тәртіп»: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік
“Заң мен тәртіп” идеологиясы аясында “Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік” құқықтық – ақпараттық сағаты өрт сөндіру бекеті ұжымымен өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-bosaga/press/news/details/1264398?lang=ru
-

Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған профилактикалық іс-шаралармен 4,6 мыңнан астам нысан қамтылды
Қазақстанда кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауға және оларды жұмысқа орналастыру кезінде еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Бұл жұмыстар мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелері мен мүдделі мемлекеттік органдардың бірлесуімен жүргізіліп, жазғы демалыс кезеңінде ерекше қарқын алды. 27 шілдедегі жағдай бойынша республика бойынша 4 619 нысан профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Оның ішінде 2 070…
-

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Шілденің 23–24-і күндері Ақтау қаласында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Өңірлер басшылары кеңесінің I отырысы өтті.Оған Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұриддин Аманқұл қатысты.Кеңес отырысы аясында «Инвестициялар, сауда және көлік байланысы» тақырыбындағы пленарлық отырыс, Қазақстан–Өзбекстан бизнес-диалогы, сондай-ақ екі елдің…
-

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Белгілі қаржыгер-экономист, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Мүбәраков Қамбарбек Амангелдіұлын еске алуға арналған мемлекеттік қызметшілер арасында футзалдан облыстық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы-ректоры Наурызбай Байқадамов, мемлекет және қоғам қайраткері Руслан Рүстемов, зиялы қауым өкілдері және…
-

2026 жылғы 27 шілдеде Ұлытау облысы Әділет департаментінде Департамент басшысы А. Айнабековтың төрағалығымен құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті.
2026 жылғы 27 шілдеде Ұлытау облысы Әділет департаментінде Департамент басшысы А. Айнабековтың төрағалығымен құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті.Кеңес барысында Департаменттің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары шығарылды. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары өздерінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндап, жоспарлы іс-шаралардың орындалу барысын және қызмет барысында туындаған өзекті мәселелерді талқылады.Департамент басшысы берілген тапсырмалардың…
-

ХАБАРЛАНДЫРУ кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау туралы
«Алатау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №149 бұйрығымен бекітілген Кондоминиум объектісін басқару үшін тұрғын үй инспекциясының уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларына сәйкес кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды. Кондоминиум объектісі туралы мәліметтер Объектінің мекенжайы:…
-

2026 жылғы 25 шілдеде Қаражал қаласының «Қазыналы өңір» газетінің № 28 (1316) санында Ұлытау облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі басшысының «Тауар белгілерін құқықтық қорғау» атындағы мақаласы жарияланды.
2026 жылғы 25 шілдеде Қаражал қаласының «Қазыналы өңір» газетінің № 28 (1316) санында Ұлытау облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі басшысының «Тауар белгілерін құқықтық қорғау» атындағы мақаласы жарияланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1264388?lang=ru
-

Анонс
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1264389?lang=ru
