Санат: Пікір
-

Көксу ауданы Балпық би ауылының тұрғындарына «Тегін заң консультациясы» акциясы өткізілді
10.07.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаменті, Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Көксу ауданының әкімдігі, Көксу ауданының прокуратурасымен бірлесіп және Жетісу облысы нотариаттық палатасы, Жетісу облысы адвокаттар алқасы мен Жетісу облысы жеке сот орындаушыларының өнірлік палатасының өкілдерінің катысуымен Көксу ауданы Балпық би ауылының тұрғындарымен кездесіп, «Тегін заң консультациясы» акциясын…
-

Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті
2026 жылғы 10 шілдеде Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімінің орынбасары Маратұлы Нұртуған, Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, «Нарын таңы» газетінің тілшісі қатысты. Сессияда «2026-2028 жылдарға арналған…
-

Мемлекеттік қызметтерді үйден не жұмыс орныңыздан шықпай-ақ алыңыз: «Жеке менеджер» қызметі қалай жұмыс істейді
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтардың қажеттіліктеріне қарай мемлекеттік қызметтерді көрсету форматтарын үнемі жетілдіріп келеді. Солардың бірі – «Жеке менеджер» сервисі. «Жеке менеджер» қызметі халыққа қызмет көрсету орталықтарында, көшпелі қызмет көрсету форматында да қолжетімді. Аталған қызмет әсіресе кішкентай баласы бар ата-аналарға, жұмыс кестесі тығыз азаматтарға, кәсіпкерлерге және денсаулығына байланысты қозғалысы шектеулі жандарға өте қолайлы, яғни…
-

Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығының мониторингі
✅ Департамент қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы бойынша білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізу мақсатында Глубокое, Шемонаиха, Ұлан аудандары мен Риддер қаласына жұмыс сапарымен шықты. Аталған бағыттағы мониторинг жұмыстары жалғасуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-vko/press/news/details/1256395?lang=kk
-

ТЖМ-де шомылу маусымының өтуі және шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану туралы брифинг өтті
ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында «Шомылу маусымының өтуі және шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикерлер: ТЖМ ТЖ жою департаменті басқармасының бас маманы Қажкенов Дидар Сәкенұлы, сондай-ақ ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті басқармасының аға офицері Темірбеков Қуаныш Серікұлы болды. Шағын көлемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз…
-

Жетісу облысына – 4 жыл: 29 жаңа кәсіпорын ашылып, 7 кәсіпорынның іргесі кеңейтілді
Облыс құрылғаннан бері Жетісуда 29 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 7 кәсіпорынның іргесі кеңейтілді. Соның нәтижесінде 1840-тан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда өңірдің өнеркәсіп саласында ірі, орта және шағын кәсіпорындарды қоса алғанда 625 кәсіпорын жұмыс істеп тұр, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Осы кезеңде Талдықорған қаласында іске қосылған жаңа кәсіпорындардың бірі…
-

Абай облысында шағын гранттар аясында экологияны қорғау мен тарихи мұраны насихаттауға бағытталған жобалар іске асырыла бастады
Абай облысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының және Қазақстанның Азаматтық альянсының қолдауымен шағын гранттар аясында қолдау тапқан алғашқы жобалар жүзеге асырыла бастады. Жергілікті бастамаларды қолдауға бағытталған жоба экологиялық сананы қалыптастыру мен тарихи-мәдени мұраны дәріптеуді көздейді. Өңірдегі алғашқы жобалардың бірі – «Таза Қазақстан – таза Ақсуат». «Тарбағатай табиғаты» экологиялық қоғамдық бірлестігінің…
-

Астанада құрылыс қалдықтарын заңсыз төгуге бақылау күшейтілді: қаладағы құрылыс нысандарында рейд жүріп жатыр
Астана әкімдігі мен қалалық Полиция департаменті құрылыс нысандарында құрылыс қалдықтарын басқару қағидаларының сақталуын тексеру мақсатында рейдтік іс-шараларды бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Астана әкімдігі қалалық Полиция департаментімен бірлесіп, құрылыс нысандарында құрылыс қалдықтарын тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында рейдтер жүргізіп жатыр. Рейдтердің негізгі мақсаты – құрылыс және демонтаж жұмыстары кезінде пайда болатын қоқыстардың белгіленген…
-

Астанада сауда базарларын тексеру барысында заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды
Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті елордадағы бірқатар сауда базарларында жүргізілген жоспардан тыс тексерулерді аяқтады. Тексеріс Ұлжан», «Алтай», «Сарыарқа», «Алаш» және «Шарын» базарларын қамтыды. Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының, Ішкі сауда қағидаларының және ұлттық стандарттардың талаптары сақталмағаны анықталды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша базар иелеріне ескерту беріліп, оларды жою…
-

«BaiQymyz-2026»: балаларға арналған родео, конкур және ұлттық ойындар бағдарламасы әзірленді
Астанада 11-12 шілде күндері өтетін BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалі аясында кішкентай қонақтарға ұлттық нақыштағы мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Фестиваль аумағында екі күн бойы «BaiQymyz Qulynshaq» балалар этноалаңы жұмыс істейді. Мұнда балалар қазақтың салт-дәстүрімен, мәдениетімен және ұлттық ойындарымен таныса алады. Бағдарламада садақ ату, панна-футбол, нысана-футбол, ойын алаңдары, лабиринттер, «Алтыбақан» ұлттық…
-

ЕЭК Кеңесі Қазақстанның навигациялық пломбаларды пайдалану мерзімін ұзарту жөніндегі ұсынысын қолдады
Онлайн форматта өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация тауарларды тасымалдауды бақылау үшін қолданылатын, үшінші елдерде өндірілген навигациялық пломбаларды пайдалану мерзімін ұзарту жөнінде бастама көтерген болатын. Бұл бастама ЕЭК Кеңесінің 2023 жылғы 4 шілдедегі шешіміне сәйкес 2026 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Еуразиялық экономикалық…
-

Теміртауда теміржол платформасы жаңғыртылды
Теміртау станциясында жолаушылар платформасын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жұмыстар барысында платформаға іргелес аумақ толық абаттандырылды: жолаушылар жүретін жолдар мен кіреберістерге тас төсем төселіп, заманауи аялдама павильондары, орындықтар, қоқыс жәшіктері, шағын сәулет нысандары және жарықтандыру жүйелері орнатылды. Теміртау станциясынан Құлайғыр және Ақадыр бағыттарына төрт қала маңы пойызы қатынайды. Жаңғырту жұмыстары жолаушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға,…
-

Анофелогенді су қоймаларында безгек масаларына қарсы дезинсекциялық өңдеу
Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, 2026 жылғы 16 маусымда 6 турдан тұратын Қарасу ықшам ауданы мекен-жайында орналасқан анофелогенді су қоймаларында безгек масаларына қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының 2 кезеңі жүргізілді. Анофелогендік су қоймасының жалпы аудан көлемі- 4,0 га. Дезинсекцияық өңдеу жұмыстары 01.06-дан 17.08.2026ж аралығында РМК ШЖҚ «Алматы қаласы Дезинфекция орталығы» филиалымен жүргізіледі. Сондай-ақ дезинсекциялық іс-шараның жүргізілу…
-

Оралда жаңа полиция бөлімінің ғимараты ашылды
Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Орал қаласы полиция басқармасына қарасты Абай полиция бөлімінің жаңа әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев, құқық қорғау органдарының өкілдері, полиция ардагерлері мен жеке құрам қатысты. Заманауи талаптарға сай бой көтерген жаңа ғимарат полиция қызметкерлерінің жұмысын тиімді…
-

Қазақстан мен Иран Шахид-Раджаи портында қазақстандық көлік-логистикалық терминал салу жөніндегі BOT келісіміне қол қойды
Тегеран Иран Ислам Республикасының Порттар және теңіз қатынасы ұйымында Шахид-Раджаи портындағы (Бендер-Аббас қаласы) жер телімін қазақстандық көлік-логистикалық терминал салу үшін беру жөніндегі BOT (Build-Operate-Transfer – салу, пайдалану және беру) келісіміне ресми қол қойылды. Қазақстан тарапы атынан келісімге ҚР Сауда және интеграция министрлігінің «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ жанындағы QazExportPromotion корпоративтік қорының Бас директоры Аман…
