Санат: Пікір
-

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаевтың төрағалығымен Сарыағаш ауданында құрылыс, сәулет, қала құрылысы, автомобиль жолдары және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы салалары бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиында атқарылған жұмыстардың нәтижелері сараланып, алдағы кезеңнің міндеттері мен өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Кеңейтілген мәжіліске Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Алмас Салимов, аудан әкімінің орынбасарлары, Сарыағаш аудандық…
-

Ақмола облысында жыл басынан бері 400-ден астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелді
Бүгінде интернет-алаяқтық облыстағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Алаяқтардың кең таралған тәсілдері, олардың алдын алу шаралары және цифрлық қауіпсіздік ережелері туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Бекзат Назарова баяндады, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен. Жыл басынан бері өңірде интернет-алаяқтықтың 412 фактісі тіркелген. Спикердің айтуынша, интернет-алаяқтықпен күрес…
-

Жыл сайын Қазақстанда Су шаруашылығы жұмыскерлері күні атап өтіледі
Жыл сайын 9 шілдеде су шаруашылығы жұмыскерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл сала мамандары гидротехникалық құрылыстардың сенімді жұмысын, су инфрақұрылымын дамытуды және су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Олардың қажырлы еңбегінің арқасында халық пен кәсіпорындар тұрақты түрде сумен қамтамасыз етіліп, еліміздің су қауіпсіздігі нығая түсуде. Мереке құтты болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhanarka-eraliev/press/news/details/1256172?lang=ru
-

Ақтаудағы USHU Festival жастарға пайдалы бастама алаңы болды
Ақтауда өткен USHU Festival аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері жастар арасында есірткінің алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық акция өткізді. Фестиваль қатысушыларына есірткі заттарын қолдану мен таратудың зияны, оның адам денсаулығы мен болашағына тигізетін кері әсері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастарды спортпен айналысуға, белсенді өмір салтын ұстануға және дұрыс таңдау жасауға…
-

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕГІ КОЛЛЕДЖДІҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Бәйдібек ауданына жұмыс сапары барысында №19 көпсалалы колледждің жұмысымен танысты. Өңір басшысы оқу орнының материалдық-техникалық базасын аралап, оқу кабинеттері мен аумағын көрді. Білім беру сапасы, еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау және түлектерді тұрақты жұмыспен қамту мәселелеріне баса назар аударып, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар берді. Колледж директоры Айдарбек Илиясов оқу…
-

Жамбыл облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды
Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында Жамбыл облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды, деп хабарлайды baq-orda.kz. 9 шілде күні облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков өңірде кітап оқу мәдениетін дамыту және жобаны бірлесіп…
-

Денсаулық сақтау министрлігі Балаларға арналған даму және ерте араласу орталықтарының желісін кеңейтуде
Негізгі басым бағыттардың бірі – профилактикалық көмекті дамыту және балалардың дамуындағы бұзылыстарды ерте анықтау. Қазақстанда баланы туған сәтінен бастап ерте жасына дейін кешенді сүйемелдеуге бағытталған «Алғашқы 1001 күн» жобасы іске асырылуда. Жоба патронаж қызметін дамытуды, скринингтік бағдарламаларды кеңейтуді, ана сүтімен қоректендіруді қолдауды және ерте шақтағы балалардың ұлттық тіркелімін қалыптастыруды қамтиды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау…
-

Мемлекеттік еңбек инспекторлары білім беру саласы қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді
2026 жылғы 10 шілдеде «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» ҚБ-де Мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Батыров және Т.Асылбеков әлеуметтік әріптестермен және облыстық, қалалық білім беру ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіріп, сондай-ақ білім беру саласындағы еңбек қатынастарының практикалық мәселелерін, атап айтқанда,…
-

Мектеп сөмкесін дұрыс таңдау – балаңыздың денсаулығы мен жайлылығының кепілі!
Мектеп сөмкесін дұрыс таңдау – балаңыздың денсаулығы мен жайлылығының кепілі!🔷Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп сөмкесін қалай дұрыс таңдау керек?🔷Жаңа оқу жылы қарсаңында көптеген ата-ананы мектеп сөмкесін сатып алу мәселесі алаңдатады.Мектеп сөмкесін таңдаудың негізгі ережелеріне тоқталайық.Мектеп сөмкесі – оқулықтар мен дәптерлерді тасымалдауға арналған жай ғана керек-жарақ емес. Ол – оқушының мектеп өмірінің маңызды бөлігі. Себебі оның…
-

Ақтауда жастардың денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауы қалыптастырылуда
Ақтау қаласында есірткі заттарының зияны мен оны қолданудың зардаптары туралы жастардың ақпараттандырылу деңгейін арттыруға бағытталған антинаркотикалық профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Кездесулер мен ақпараттық іс-шаралар барысында жастарға есірткіге тәуелділіктің қауіптілігі, есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты жауапкершілік, сондай-ақ денсаулықты сақтаудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндіріледі. Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – жастар арасында есірткіге деген…
-

Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасының жаңа стандартын енгізеді
Мектеп медицинасын жаңғырту шеңберінде биыл жаңа стандарттар енгізілуде. Олар оқушыларды профилактикалық тексеруден өткізуді цифрландыруды, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын диагностикалық жабдықтар жиынтықтарымен қамтамасыз етуді және орта буын медицина қызметкерлерін оқытуды көздейді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. «Бүгінде профилактикалық тексерулерді жай ғана өткізу емес, олардың жоғары сапасын қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін медицина қызметкерлерін жаңа тәсілдерге…
-

Бүгін Қазақстанда Ветеринариялық жұмыскер күні атап өтіледі
Қазіргі заманғы ветеринариялық қызмет еліміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, мал шаруашылығын дамытуда және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Ветеринария мамандарының кәсібилігі аса қауіпті аурулардың алдын алуға, мал басын сақтауға және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге зор үлес қосады. Мереке құтты болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1256146?lang=ru
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫН ЗЕРДЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданына келіп, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жұмыс барысымен танысты. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимов және жауапты сала басшылары бірге бақылады. Жұмыс сапары аясында алдымен жөндеу жұмыстарын қажет ететін білім беру нысандарының жай-күйі қаралды. Нысандарды аралау барысында ғимараттардың қазіргі ахуалы, қажетті…
-

Шекарада интеллектуалдық меншікті қорғау
Дүкен сөрелерінде неге қолдан жасалған бұйымдар (подделкалар) азайып келе жатқаны туралы ойландыңыз ба? Мұндағы басты рөлдердің бірін контрафактімен тәулік бойы күресетін ҚР кеден органдары атқарады. Бұл іс жүзінде қалай жұмыс істейді? Кедендік тізілімдер (ЗМКТ) Құқық иеленушілер өз тауар белгілерін арнайы тізілімдерге енгізеді: ҚР ұлттық тізілімі, оны уәкілетті орган жүргізеді. ЕАЭО бірыңғай тізілімі, Одақтың бүкіл аумағында…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫМЕН ТОЛЫҒАТЫН КҮН ЖАҚЫН
Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу, су нысандарын жөндеу, жаңарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Қазіргі уақытта өңірдегі су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Құрылыс барысы тұрақты бақылауда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Бәйдібек ауданына жұмыс сапары барысында «Бәйдібек ата». су қоймасына арнайы барып, нысанның жұмыстарын…
