Санат: Пікір
-

Халықаралық есірткі арнасының жолын кесу туралы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Өзбекстанның арнайы қызметтерімен бірлесіп, Ауғанстаннан «Солтүстік бағдар» деп аталатын бағыт арқылы есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау арнасының жолын кесті. Операция нәтижесінде Ресей Федерациясының Түмен қаласында халықаралық есірткі тобының екі мүшесі ұсталды. Тінту барысында олардан қара нарықтағы құны шамамен 300 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін 30 кг ауған гашиші тәркіленді. Аталған факті…
-

Хабарландыру
Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы «Пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» бағдарламасы аясында 2026 жылғы 14 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 09:00-де https://gosagro.kz ақпараттық порталы арқылы субсидиялауға өтінімдерді қабылдау басталатынын хабарлайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-auyl/press/news/details/1312361?lang=ru
-

Автоматтандырылған бақылауды жүзеге асыру тәртібі
Автоматтандырылған бақылау – салық төлеушілердің жекелеген санатына жатқызылған салық төлеуші жазып берген электрондық шот-фактураға салық органының ақпараттық жүйесінде тіркеу нөмірін берудің автоматтандырылған процесі.Электрондық шот-фактураға тіркеу нөмірін беру кезінде автоматтандырылған бақылау операторының ақпараттық жүйесінде қосылған құн салығын төлеушінің салық шотының деректері (бұдан әрі – салық шоты) ескеріледі.Автоматтандырылған бақылау жүргізілетін салық төлеушілердің санаттарын уәкілетті орган бекітеді.Осы тақырыптың…
-

Өңір басшысы Бәкір Тәжібаевтың ұрпақтарына құрмет көрсетті
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қазақтың көрнекті ақыны, сазгері әрі драматургі Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында өңірге келген ақынның ұрпақтары мен туған-туыстарын қабылдады. Басқосуда облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәкір Тәжібаевтың ұлттық мәдениет пен руханиятты дамытудағы еңбегіне жоғары баға бергенін айтты. Ақынның шығармашылық мұрасы халықтың рухани қазынасы екенін, оның өлеңдері, әндері мен драмалық…
-

Алматы қаласында «Asar Baspana» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты үкім шықты
Тергеу барысында Туғанбаев Н.М. бастаған топтың 90 мыңға жуық азаматтан жалпы сомасы 25 млрд теңге қаражат тартқаны анықталды. Олар салымшыларға ай сайын 30%-ға дейін табыс түсетінін уәде еткен. Сотталғандар салымшыларды құрылыс материалдарын өндіру, тігін цехын жүргізу, тұрмыстық және медициналық техника шығаратын зауыт жұмыс істеп тұрғаны туралы жалған мәліметпен жаңылыстырған. Шын мәнінде, өнімдер өзге жеткізушілерден сатып…
-

АҚСУАТ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ – ОБЛЫСТЫҚ «МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫНЫҢ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ!
🏆 АҚСУАТ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ – ОБЛЫСТЫҚ «МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫНЫҢ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ! 2026 жылғы 9 қазанда Семей қаласы білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында жалпы білім беретін мектептер мен облыстың мамандандырылған білім беру ұйымдарының 8–11-сынып оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауда Ақсуат ауданының намысын қорғаған оқушылар жоғары…
-

Әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруды кім ала алады
Мемлекеттік қызмет көрсету Қағидана сәйкес әскерге шақырылушыларға қажетті құжаттарды ұсыну үшін әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ. ЭЦҚ көмегімен мемлекеттік қызметті электрондық түрде алуға болады электрондық лицензиялау порталында elicense.kz. Қызметті алу үшін порталда авторлану қажет elicense.kz. «Қауіпсіздік» қойындысында тізімнен қажетті қызметті және мемлекеттік органды таңдаңыз. Бұдан әрі ұсынылған және қосымша өрістерді толтырып, кейінге қалдыру себебін, сондай-ақ әскери есепте тұрған орнын көрсетіп және…
-

Азаматтармен ашық диалог жалғасуда
Айыртау ауданына жұмыс сапары барысында Департамент басшысының орынбасары Елена Ұланқызы Сүгірова азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында Айыртау ауданы әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі әлеуметтік қорғау және мүгедектігі бар адамдарға қолдау шараларын көрсету мәселелері бойынша сауалдарын жолдады. Көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді. 🕒Департамент басшысының орынбасары қабылдау уақыты: Аптаның әр жұма күні,…
-

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтау
Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтау Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасау мемлекеттік басқару жүйесінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру және қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыру әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсіби міндетімен тығыз…
-

Өңір басшысы Бәкір Тәжібаевтың ұрпақтарына құрмет көрсетті
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қазақтың көрнекті ақыны, сазгері әрі драматургі Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында өңірге келген ақынның ұрпақтары мен туған-туыстарын қабылдады. Басқосуда облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәкір Тәжібаевтың ұлттық мәдениет пен руханиятты дамытудағы еңбегіне жоғары баға бергенін айтты. Ақынның шығармашылық мұрасы халықтың рухани қазынасы екенін, оның өлеңдері, әндері мен драмалық…
-

Сарысу ауданы ТЖБ ескертеді: балық аулау кезінде қауіпсіздік сақтаңыз!
Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындары арасында балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында балық аулаушыларға су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау, сақтық таныту және жазатайым оқиғалардың алдын алу қажеттігі түсіндірілді. Құтқарушылар тұрғындарды су айдындарында абай болуға және өз өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз! Өміріңізге жауапкершілікпен қараңыз! Жамбыл…
-

Ақтөбеде ақын, сазгер Бәкір Тәжібаевтың ескерткіш-мүсіні ашылды
Ақтөбеде қазақтың көрнекті ақыны, сазгері әрі драматургі Бәкір Тәжібаевтың ескерткіш-мүсіні ашылды. Тағылымды шара облыстық халық шығармашылығы орталығының алаңында өтіп, халқына мол рухани мұра қалдырған өнер иесінің есімін ұлықтауға арналды. Ескерткіш-мүсіннің ашылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Бәкір Тәжібаевтың ұлы Жасұлан Тәжібаев, туыстары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Ескерткіш-мүсінді ашу рәсімі Қазақстан…
-

Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету мәселелері бойынша кездесу өтті
Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету мәселелері бойынша кездесу өтті Аудан орталығындағы руханият орталығында аудан әкімінің орынбасары Шерхан Есжановтың қатысуымен бизнес өкілдерімен кездесу өтті. Басқосуға облыстық басқармалар мен қаржы ұйымдарының, кәсіпкерлікті қолдау мекемелерінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау бағдарламалары, жеңілдетілген несие алу, қаржыландыру және лизинг мүмкіндіктері бойынша арнайы келген мамандар тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.…
-

«Оңай табыстың құны»: ШҚО студенттеріне есірткі қылмыстарының салдары түсіндірілді
«Оңай табыстың құны»: ШҚО студенттеріне есірткі қылмыстарының салдары түсіндірілді Өскемен қаласындағы Жастар ресурстық орталығында жоғары оқу орындарының студенттерімен профилактикалық кездесу өтті. Кездесудің негізгі бөлігі есірткі қылмыстары үшін сотталған азаматтармен өткен телемост болды. Олар өздері жасаған қылмыстар және оның өмірлеріне қалай әсер еткені туралы айтып берді. Кездесуге ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел…
-

Сырдан сазды сәлем: Қазақ өнері Берлин төрінде
Германия астанасы Берлин қаласында Республика күніне орай Сыр елінің өнер шеберлері мерекелік концерт қойды. Оған Қазақстанның Германиядағы елшісі Нұрлан Онжанов, елшіліктің, қазақ диаспорасының өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, сондай-ақ Берлинде тұратын отандастарымыз бен жергілікті мәдениет жанашырлары қатысты.Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған мәдени шараның мақсаты – қазақ халқының бай рухани мұрасын, ұлттық өнері мен мәдени құндылықтарын халықаралық…
