Санат: Пікір
-
ЖТС және ӘС бойынша хабарламаны орындау
Жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік салық (ӘС) – бұл жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер үнемі кездесетін міндетті төлемдер. Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеуші ұсынған есептілікті тұрақты түрде зерделеп, талдау жүргізеді және ауытқулар анықталған жағдайда, камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама/хабардар ету жолымен бұзушылықтарды өз еркімен жоюға мүмкіндік береді. Ең жиі кездесетін бұзушылықтар келесі сипатта болады:…
-
Білім ошақтарын аралады
18 тамыз күні аудан әкімі Мажит Самитов кент орталығындағы білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығымен танысты. Аралау барысында аудан басшысы сыныптардың, асханалар мен спорт залдардың жағдайын қарады. Мұнан бөлек сыныптардың керекті жабдықтармен жабдықталу, мектеп асханаларының санитарлық – тазалығы, білім ошақтарының ауласын көркейту – көгалдандыру жұмыстарын көріп, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.Айта…
-
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты жұмыс орындары» жобасын жүзеге асыру
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы және сектораралық өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде, Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2025 жылғы 18 тамызда «Жұқпалы емес аурулардың алдын алу (ЖЕА)» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізді. ДДҰ-ның «Салауатты жұмыс орындары» жобасын енгізу. Іс-шараға өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының, сондай-ақ СЭБ департаментінің аумақтық басқармаларының өкілдері қатысты. Қатысушылар жұмыс орындарында ЖЕА алдын алудың…
-
Түркістанда туристік полиция бір айда 650-ге жуық азаматқа қызмет көрсеткен
Еліміздің туристік тартымдылығын арттыру мақсатында ҚР ІІМ-нің бастамасымен Түркістанда туристік полиция құрылған. Бұл бөлімдегі инспекторлар шетел азаматтарының рухани астанадағы жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді.Түркістандағы туристік полицейлер шетелдіктерге елімізде болу ережелерін түсіндіреді, көші-қон ережелерін бұзған адамдарды анықтайды, өтініштерді есепке алуды және туристік аймақты патрульдеуді қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда туристерге қызмет көрсету жөніндегі взвод қызметкерлерінің…
-
Қаражатыңызды қайтарып алуға асығыңыз!
Егер сіз Біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге пайдаланған болсаңыз және сол сомаға ЖТС (жеке табыс салығы) ұсталса – сіз үшін маңызды жаңалық бар! Егер сіз әлеуметтік осал санатқа жататын болсаңыз, ұсталған ЖТС қайтаруға құқығыңыз бар. Ең бастысы – өтініш беру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды! (бұрын 3 жыл болатын – көп адам үлгермей қалған) Кімдер салықты қайтара алады? Егер сіз төмендегі санаттардың біріне кірсеңіз: 1, 2 немесе 3 топтағымүгедектігі бар адам Мүгедекбаланытәрбиелеп отырған ата-ана, қорғаншы немесе қамқоршы •Асырап алушы – Соғыс ардагері (толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген) Салықты қалай қайтаруға болады? Жақынжердегі БЖЗҚ филиалынабарыңыз; Өтініштолтырыңыз; Құжаттарыңыздыөткізіңіз; Егерсалықбұрын ұсталған болса, ЖТС жеке зейнетақы шотыңызға қайтарылады. Ал егер салық кейінге қалдырылған болса, оны…
-
Түркістан облысында жергілікті тұрғыннан марихуана тәркіленді
Түркістан облысында “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер есірткі затын заңсыз сақтау фактісін әшкереледі. Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде жергілікті тұрғынды, деструктивті діни ағымның ұстанушысын ұстады. Оған жүргізілген тінту кезінде марихуанаға ұқсас есірткі заты табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша алынған заттың жалпы салмағы шамамен 20 граммды құраған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша…
-
Сібір жарасының алдын алу
Сібір жарасы – терінің, ішектің, өкпенің, лимфа түйіндерінің зақымдануымен және өлім-жітімінің жоғары болуымен сипатталатын адамдар мен көптеген жануарлар түрлері үшін аса қауіпті ауру. Адамдар үшін инфекция көзі – ауыл шаруашылығы жануарлары, су қоймасы – топырақ және басқа да қоршаған орта объектілері. Сібір жарасының қоздырғышын жұқтыру қаупі бойынша Павлодар облысы шартты қауіпсіз инфекция аймағына кіреді, яғни…
-
“Келешек мектептері”– ел ертеңіне салынған инвестиция
Жаңақорған ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы пайдалануға берілді.Аудан орталығында – 600 орындық,Жаңарық ауылында – 300 орындық мектеп есігін айқара ашты.Мектептерде:– 2 блок, 2 спорт зал, асхана, мәжіліс залы, кітапхана бар;– 25 оқу кабинеті заманауи интерактивті тақталармен жабдықталған;– Зертханалар, робототехника және STEM кабинеттері жұмыс істейді.Бұл – тек жаңа ғимарат емес, ұрпақтың…
-
Құрметті салық төлеушілер!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 18-тамыздан 19-тамызға қараған түні cалықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесінде (CӘАЖ) қысқа мерзімді ақаулық орын алғандығын хабарлайды. Аталған ақаулық кейбір қосылған құн салығы (ҚҚС) төлеушілерін ҚҚС бойынша тіркеуден шығару процесіне әсер етті. ҚҚС төлеушілерінің қате түрде тіркеуден шығарылған деректерін сәйкестендіру жұмыстары…
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Костряков ауылдық округінің тұрғындары өз аулаларын қалай безендіргендерін көрсететін фотосуреттермен бөліседі.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындаКостряков ауылдық округінің тұрғындары өз аулаларын қалай безендіргендерін көрсететін фотосуреттермен бөліседі. Барлығын акцияға қосылуға шақырамыз – бізге өз аулаңыздың, гүлзарларыңыздың немесе басқа да абаттандыру элементтерінің фотосуреттерін жібере аласыз. Округімізді бірге әдемі және жайлы етейік! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kostryakov/press/news/details/1053429?lang=kk
-
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР (КӨМЕК) КӨРСЕТУ САЛАСЫН ҚАДАҒАЛАУ ФУНКЦИЯСЫНЫҢ БЕРІЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ, МЫНАНЫ ХАБАРЛАЙДЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылғы 13 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енетінін хабарлайды.Аталған Заң аясында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне медициналық қызметтер саласында мемлекеттік бақылау жүргізу функциясы жүктеледі. Осыған байланысты меншік нысанына қарамастан барлық…
-
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне ақпараттық сүйемелдеу жасау үшін шетелдік журналистерді аккредитациялау туралы
2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласында, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі өтеді. VIІI Съезд жұмысына әлемнің шамамен 60 елінен 100-ден астам делегация қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің рухани лидерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, саяси…
-
Адамгершілік үшін алғыс: Ақмола облысында полиция қызметкерлері түнде тасжолда баласы бар отбасына көмектесті
Shchuchinsk_life белсенді Instagram парақшасында қиын жағдайда адамгершілік пен кәсібилік танытқан патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне алғыс айтылды.Мелешенко отбасы 18 тамызға қараған түні Астана — Петропавловск автожолының 243 шақырымында (Көкшетау бағытында) қауіпті жағдайға тап болғанын айтты. Кәмелетке толмаған баламен бірге оларды жолда такси жүргізушісі түсіріп кеткен, соңғысының мінез-құлқы отағасына бір түрлі және қауіпті болып көрінді. Көліктен түсу…
-
Түркістан облысында полиция екі апта ішінде 11 есірткі қылмысының жолын кесті
Түркістан облысының аумағында “Қарасора — 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында полиция департаментінің қызметкерлері 21 мыңнан астам ауланы, шаруашылық құрылыстарды, өнеркәсіптік нысандар мен егістік алқаптарын тексерді. Нәтижесінде полицейлер екі апта ішінде есірткіге байланысты 11 қылмыстың жолын кесті. Заңсыз айналымнан 705 келіден астам марихуана, 260 келіден астам көкнар және аңшы мылтығы тәркіленді. Сондай-ақ есірткі қылмысын жасаған…
-
Бүйрек қатерлі ісігі – ерте анықтау маңызды
Бүйрек қатерлі ісігі – ерте анықтау маңызды Бүйрек қатерлі ісігі – зәр шығару жүйесінің ең қауіпті ауруларының бірі. Әлем бойынша онкологиялық сырқаттардың ішінде таралуы жоғары дерттердің қатарына жатады. Қауіп факторлары: тұқым қуалаушылық бейімділік; семіздік пен дұрыс емес тамақтану; темекі шегу; гипертония (қан қысымының жоғары болуы); зиянды өндірістік ортада жұмыс істеу. Аурудың алғашқы белгілері: бел аймағында…