Санат: Шымкент
-
Жас жол инспекторлары слетінің аудандық кезеңі
Ауданда балалар арасындағы жол-көлік жарақатының алдын алу және жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін арттыру мақсатында жас жол инспекторлары (ЖЖИ) республикалық слетінің аудандық кезеңі өтті.Сайысқа ауданның 3 мектебінің командалары қатысты: №1 Новоишим орта мектебі , №2Новоишим орта мектебі және Червонное орта мектебі. Оқушылар жол қозғалысы ережелері бойынша жақсы білімдерін, командада жұмыс істей алу қабілеттерін және шығармашылық…
-
Ақтөбе облысында қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерінің құрметіне «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды
Ақтөбе облысы білім басқармасының Қобда ауданы білім бөліміне қарасты “Бесқұдық орта мектебі” КММ қызмет бабында қайтыс болған полиция лейтенанты Косжанов Амангелді Қиниятұлының атына арналған «Жас сақшы» полиция сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған полиция сыныбына мектептің 7-сынып оқушыларынан құралған 14 оқушы қабылданды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитетінің Ақтөбе облысы мамандандырылған…
-
Жамбыл облысында 42 жыл құжатсыз жүрген азамат алғаш рет жеке куәлік алды
Қордай ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі қызметкерлері 42 жастағы тұрғынның құқықтық мәртебесін анықтап, оған Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуына көмек көрсетті. Азамат өмір бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген. Құжаттарының және тұрақты тұрғылықты мекенжайының болмауына байланысты ол ұзақ жылдар бойы қиын әлеуметтік жағдайда өмір сүріп, азаматтық құқықтарын толық пайдалана алмаған.…
-
ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЛЫП КИІЗ ҮЙДЕ САММИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
🔰Түркістандағы жаңа этно-туристік кешенде келелі басқосу өтті. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің зиялы қауым өкілдерімен, кәсіпкерлерімен, жастарымен және белсенді азаматтарымен кездесті. 🔰Алқалы жиын барысында, алдымен, облыс басшысы өңірдің дамуы үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар жуырда өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті қорытындысына тоқталып, өңірдің инвестициялық әлеуеті…
-
Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай жалпықалалық сенбілік өтеді
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 23 мамыр күні Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылады. Бұл туралы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады. Іс-шараның негізгі өткізу орны ретінде Медеу ауданындағы Мақатаев – Райымбек – Пушкин – Жетісу көшелерінің аралығы белгіленді. Сенбілікке қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері,…
-
Құқықтық семинар-оқыту өткізілді
2026 жылғы 20 мамырда Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың Қостанай бөлімшелік басқармасы мамандары арасында«Іскерлік этика мен ресми мінез-құлық ережелерін сақтау: құмар ойын мекемелеріне барудан бас тарту, діни наным-сенімдерді құрметтеу және бағыныстыларды діни іс-шараларға қатысуға мәжбүрлеуге тыйым салу» тақырыбында құқықтық семинар-оқыту өткізілді. Құқықтық семинар-оқытудың мақсаты іскерлік этика мен ресми мінез-құлық ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды, оның…
-
В вирустық гепатиті мен аса қауіпті инфекциялардың алдын алу бойынша семинар өткізілді
2026 жылғы 15 мамырда Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қандыағаш пайдалану вагон депосы» филиалының Тассай техникалық қызмет көрсету пункті қызметкерлері арасында «В вирустық гепатиті», аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың (оба, тырысқақ, сібір жарасы, ҚКГЛ) алдын алу, сондай-ақ ҚР ДСМ м.а. 2020 жылғы 13 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы талаптарын сақтау мәселелері…
-
Глубокое ауданында 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау жүргізілуде
Глубокое ауданында 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау жүргізілуде. Конкурс отбасы институтын нығайтуға, рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға, отбасы мәртебесін арттыруға және оң отбасылық тәжірибені насихаттауға бағытталған. Байқауға берік отбасылық қарым-қатынастың, өзара сыйластықтың, еңбекқорлықтың және белсенді азаматтық ұстанымның үлгісі болып табылатын отбасылар шақырылады.…
-
ТЖШ есептеудің жаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған
ТЖШ есептеудің жаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған Қоғамның белсенді қызығушылығына және көптеген сауалдардың туындауына байланысты ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) есептеу әдістемесіндегі жоспарланған өзгерістерді түсіндіреміз. ТЖШ есептеу әдістемесін қайта қараудың мақсаты – болашақ жинақтаушы зейнетақының жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі сомасына қойылатын талаптарды арттыру, зейнет жасындағы зейнетақы төлемдері есебінен салымшының кірісті алмастыру коэффициентін (КАК) кезең-кезеңімен (ең төменгі халықаралық стандарттарды ескере…
-
Құрметті пайдаланушылар!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тарапынан 2026 жылғы 23 мамыр сағат 21:00-ден 24 мамыр сағат 05:00-ге дейін жоспарлы жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген кезеңде «ЗТ ДБ» ақпараттық жүйесінің кезең-кезеңімен қолжетімсіздігі байқалады, осыған байланысты «Кеден» ақпараттық жүйесінің сервистері де қолжетімсіз болуы мүмкін. Ақпарат…
-
ҚР Көлік министрлігі аэротакси мен қалалық әуе мобильділігінің құқықтық базасы үшін заңнамаға түзетулер пакетін әзірледі
Alatau City-де ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас атқарушы директоры Майкл Дэниелдің, сондай-ақ «Alatau Advance Air Group Ltd» (AAAG) және «AutoFlight» компаниялары өкілдерінің қатысуымен eVTOL аэротаксиінің техникалық сынақ ұшулары өткізілді. Аэротакси электрлі қозғалтқыштармен жұмыс істейтін инновациялық әрі экологиялық таза әуе көлігі түрі болып табылады. Әуе кемесі сағатына 200 шақырымға дейін максималды…
-
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕР МЕН МЕКТЕП МАҢЫНДАҒЫ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛАҒЫ ЖАҢАРТЫЛУДА
Кентау қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында орталық көшелерде, білім нысандары маңында және қалаға қарасты ауылдарда жол сызықтарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда қала аумағындағы жол сызықтары мен жаяу жүргіншілер жолақтары жаңартылып, ретке келтірілуде. Сонымен қатар, Хантағы, Байылдыр, Қарнақ ауылдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер жолақтарын жаңарту…
-
Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр
Достық даңғылы, 42/74 мекенжайындағы тұрғын үйге жапсарлас салынған жазғы алаңы бар заңсыз қосалқы құрылыс сот шешімімен сүріліп жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері хабарлады. Басқарманың мәліметінше, бір қабатты кіреберіс қосалқы нысан мен қоғамдық тамақтану орны орналасқан жазғы алаң заңсыз салынған. Жоспардан тыс тексеру барысында «ТАЙМАС LTD» ЖШС меншік иесіне әкімшілік шаралар қолданылып,…
-
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша семинар өткізілді
2026 жылғы 22 мамырда Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың Қостанай бөлімшелік басқармасы мамандары арасында «Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері» тақырыбында оқыту-семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін жетілдіру мәселелерін қарастыру болды. Қатысушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсетудің негізгі қағидаттарының бірі – мемлекеттік органның есептілігі мен…
-
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігі 2027 жылғы конгресін Астанада өткізуді жоспарлап отыр
Туризм және спорт министрлігі допингке қарсы халықаралық стандарттарды толық енгізіп, таза спорт қағидаттарын жүйелі түрде дамытып келеді. Бұл бағыттағы негізгі басымдықтар – допингке қарсы тиімді саясат жүргізу, спортшылардың денсаулығын қорғау және әділ бәсекені қамтамасыз ету. Министрлік допингке қарсы ережелерді бұзуға қатысты нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады. Қазақстанның Допингке қарсы ұлттық орталығы Дүниежүзілік антидопинг ережесін бұзған спортшылар…
