Санат: Шымкент
-

Ұланбел тұрғындарымен кездесу өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімдердің халықпен жылына кем дегенде екі мәрте кездесулер өткізу жөніндегі тапсырмасы аясында Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін атқарушы Қуандық Төлеубеков Ұланбел ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндалып, одан әрі кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасты. Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Атап айтқанда, ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.…
-

Қарабөгет ауылдық округінде тұрғындардың ұсыныстары тыңдалды
Жол жөндеу, көшені жарықтандыру, ауыз су нысандарының жағдайы және техникалық көмек көрсету мәселелері Қарабөгет ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесудің негізгі тақырыптарына айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімдердің халықпен тұрақты кездесулер өткізу жөніндегі тапсырмасы аясында Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін атқарушы Қуандық Төлеубеков Сарыөзек, Қарабөгет және Құмөзек ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер таныстырылып,…
-

Қылышбай ауылында тұрғындармен кездесу өтті
Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін атқарушы Қуандық Төлеубеков Қылышбай ауылының тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің өзекті мәселелері мен алдағы даму бағыттарын талқылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімдердің халықпен тұрақты кездесулер өткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған жиында ауылдық округте атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер сөз болды. Кездесу барысында тұрғындар ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді…
-

Трактор мен арнайы техниканы басқару куәлігін онлайн қалай алуға болады?
Тәртіптік алгоритм: куәлікті 5 қадаммен аламыз 1-қадам. Авторизация. elicense.kz сайтына кіріңіз. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Кіру» түймесін басып, ЭЦҚ арқылы немесе eGov Mobile қолданбасындағы QR-код арқылы жүйеге кіріңіз. 2-қадам. Қызметті іздеу. Іздеу жолағына: «Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді… басқару құқығына куәліктер беру» деп теріп, қызмет бетіне өтіңіз. «Қызметті онлайнға тапсырыс беру» түймесін басыңыз. 3-қадам.…
-

ШҚО әкімі Маралды ауылына қоныс аударған отбасылардың үйлеріне барды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданына жұмыс сапары барысында Маралды ауылындағы орта мектептің жағдайымен танысып, ауылға қоныс аударған екі отбасының үйлеріне барды. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім алушыларға қолайлы жағдай жасау және ауылды білікті мамандармен қамтамасыз ету – елді мекендердің тұрақты дамуы үшін маңызды бағыттардың бірі. Маралды ауылында осы мақсатта бірқатар жұмыс атқарылып…
-

Люблянада Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған алғашқы салтанатты қабылдау өтті
2026 жылғы 20 қазан, Любляна қаласы – Словения астанасында Қазақстан Республикасының Республика күніне және Қазақстан мен Словения арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 34 жыл толуына орай салтанатты қабылдау өтті. Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшілігі жетекші іскерлік серіктестердің қолдауымен ұйымдастырған бұл іс-шара Елшілік өткізген алғашқы ресми салтанатты қабылдау болып, Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы дипломатиялық қатысуын нығайту жолындағы маңызды тарихи…
-

Бірлік тұрғындары қандай мәселелер көтерді?
Ауыз су құбырларын жаңарту жұмыстары, ауылдағы ғимараттың пайдаланылуы, мал бағу мен егістікке су жеткізу. Бірлік ауылында Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаевпен өткен кездесуде тұрғындар осы мәселелерге назар аударды. Әңгіме ауылда жүріп жатқан ауыз су құбырларын жаңарту жұмыстарынан басталды. Тұрғындар үшін күнделікті қажеттілік саналатын су мәселесімен қатар, Қазпошта ғимаратын ауыл балансына алу жөніндегі ұсыныс та ортаға…
-

Алматыда заңсыз салынған «Жетісу-Семиречье» базарын бұзу жұмыстары басталды
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Түрксіб ауданының Қайрат шағынауданында орналасқан базардың жалпы аумағы 56 мың шаршы метрден асатын сауда орындарын бұзу жұмыстары басталғанын хабарлайды. Бұған дейін жүргізілген тексеру барысында «Статус Construction» ЖШС рұқсат құжаттарынсыз жалпы аумағы 56,4 мың шаршы метр болатын сауда орындарын салғаны анықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қабылданып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама…
-

“Павлодар” ӘКК ” АҚ құрылымында инвесторлармен жұмыс жөніндегі фронт-офис жұмыс істейді, оның қызметі инвестициялық қызметті сүйемелдеудің белгіленген қағидалары мен регламенттеріне сәйкес “бір терезе” қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Фронт–офис инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде, бастапқы айналымнан және жобаны алдын ала пысықтаудан бастап оны практикалық іске асыруға дейін инвесторларды кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Фронт–офис өз қызметі шеңберінде инвесторларға консультациялық, ақпараттық–талдамалық және ұйымдастырушылық–үйлестіру қолдауын көрсетеді, жер учаскелері мен өндірістік алаңдарды іріктеуге, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылға, сондай-ақ инвестициялық жобаларды…
-

Мойынқұм ауданының төтенше жағдайлар бөліміне жаңа басшы тағайындалды
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №296 ж/қ бұйрығымен Әбіш Азамат Әбілұлы Мойынқұм ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Азамат Әбілұлы 1994 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Жуалы ауданының Көлбастау ауылында дүниеге келген. 2016 жылы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2016…
-

Ерлік пен еңбекке құрмет
Бүгін Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев Құтқарушылар күні мен Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, марапаттады. Аудан басшысы адам өмірін қорғап, төтенше жағдайлардың алдын алу және табиғат байлығын сақтау жолында еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Аумағы ұлан-ғайыр Мойынқұм жерінде өртті дер кезінде ауыздықтау үлкен жауапкершілікті, кәсіби шеберлік пен төзімділікті талап…
-

Аппараттық кеңесте өзекті мәселелер қаралды
Бүгін Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында санитарлық тазалық, салық түсімдері, күзгі әскерге шақыру және сайлау науқанына дайындық мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүргізіліп жатқан санитарлық тазалау жұмыстары туралы баяндалды. Талқылау барысында елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын арттыру және анықталған олқылықтарды…
-

Шығанақ ауылында тұрғындардың ұсыныстары тыңдалды
Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін атқарушы Алибек Нурадинов Шығанақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, елді мекендегі өзекті мәселелер мен алдағы міндеттерді талқылады.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған жиында ауылдық округте атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріліп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне назар аударылды.Кездесу барысында ауыл тұрғындары үш көшеге жарық шамдары мен бейнебақылау камераларын орнату, медицина мамандарының тапшылығын шешу, сондай-ақ ауыз су…
-

Аудан әкімі Биназар ауылының тұрғындарымен кездесті
Биназар ауылының тұрғындары Мойынқұм ауданы әкімі Ермек Карентаевпен кездесіп, елді мекеннің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды. Кездесуде тек бір саланың мәселесі қозғалды. Ауылшаруашылығы, қараусыз жүрген малдарға бада ұйымдастыру, күре жолдың бойында жолдың шетіне қоршау орнату, егістікке арналған суды ретке келтіру сынды мәселелер айтылды. Аудан әкімі көтерілген мәселелердің әрқайсысына жеке тоқталып, жауапты бөлім басшыларымен бірге…
-

Алматыда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция ашылады
Алматыда 22 қазанда аты аңызға айналған қазақстандық «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция салтанатты түрде ашылады. Жаңа арт-нысан Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы жаңартылған Масанчи көшесінде орнатылды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдері хабарлады. Инсталляция әйгілі музыкалық ұжым мүшелерінің жиынтық көркем бейнесін сипаттайды. Композиция металдан авторлық ерекше техникамен жасалған. Құрылымның биіктігі – 1,8 метр,…
