Санат: Шымкент
-

Үлкен Алтай – 2026» конференциясы: ШҚО әкімі инвесторларды бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды
Бүгін Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай қаласында «Үлкен Алтай – 2026» халықаралық субөңіраралық ынтымақтастық конференциясы өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бастаған өңір делегациясы қатысты. Ауқымды жиынға еліміздің бірнеше аймағынан бөлек, Қытай, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның өкілдері жиналды. Шара шымылдығын өз сөзімен ашқан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы партия комитетінің хатшысы…
-

Приозерск қаласында жаңа балабақша бой көтеруде
Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары салынып жатқан балабақша құрылысының барысымен танысты. Аталған нысан – 320 орынға арналған үш қабатты балабақша. Жобаға сәйкес ғимараттың айналасы толық абаттандырылып, балалар ойын алаңдары орнатылады. Жаяу жүргіншілер жолдарына брусчатка төселіп, аумаққа асфальт жабындысы салынады және автокөліктерге арналған тұрақ қарастырылған. Нысанның құрылысын мердігер ұйым – «ЕділСтройСервис» ЖШС жүзеге асыруда. …
-

Зияткерлік меншікті қорғау саласындағы Қазақстанның бастамалары Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы сессиясында ұсынылды
Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz 2026 жылғы 1-5 маусым аралығында Женевада Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) аясында жұмыс істейтін Құқықтарды қорғау жөніндегі консультативтік комитеттің (ҚҚКК) отырысы өтті. Делегация құрамында отырысқа Конституциялық Соттың судьясы Еркін Оңғарбаев және Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев қатысты. Қазақстанда халықаралық стандарттарды ескере отырып,…
-

Хормозган университетінің басшылығымен кездесу
2026 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасының Бәндәр Аббас қаласындағы (Иран) консулдығының басшысы Д.Дүйсебай Иранның Хормозган университетінің ректоры доктор М.Мирзадемен, басшылық құрамымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Иран өңірлері арасындағы ғылым-білім салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bandarabbas/press/news/details/1235865?lang=en
-

Әуезов ауданында көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттау рәсімі өтті
Әуезов ауданында көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында аудан әкімі Абзал Қуандықұлы Егембердиев Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №1247 Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға мемлекеттік наградаларды табыстады. Марапатқа ие болған аналарға алғыс білдіріліп, олардың отбасы институтын нығайтуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі ерекше атап өтілді.…
-

Қарағанды облысында егіс алқабы 1,2 миллион гектарға дейін ұлғайтылды
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Кеңеске селекторлық режим арқылы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қатысты. Жиында еңбек өнімділігін арттыру, аграршыларды қолдау, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері…
-

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы – мемлекеттік театрлар. Олардың қатарында 11 республикалық және 48 өңірлік театр бар. Бұл көрсеткіш театр өнерінің өркендеп, сахна мәдениетіне деген жұртшылық қызығушылығының арта түскенін көрсетеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, театрдың дамуы – ел мәдениетінің деңгейін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Қазақстанда да театр өнеріне деген қызығушылық тұрақты…
-

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов өңірдегі бірқатар медициналық нысандардың жұмысымен танысты.
Сапар барысында вице-министр Бескөл ауылында салынып жатқан жаңа емхананың құрылыс барысын қарап шықты. Аталған нысан іске қосылғаннан кейін аудан тұрғындары үшін алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Тимур Мұратов «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған Қызылжар ауданының Прибрежное ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда болды. Онда халыққа медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және…
-

Қашықтықтан семинар өткізілді
2026 жылғы 2-3 маусым аралығында Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы және «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығымен бірлесіп, «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері, ақпараттық қауіпсіздік саясаты» тақырыбына қашықтықтан семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында киберқауіпсіздік саласында хабардарлықты арттыруға және кибергигиеналық дағдыларды дамытуға багытталған. Дәрісте киберқауіптердің негізгі түрлері, фишингтік шабуылдардан қорғану әдістері…
-

Қазақстан C5+1 форматында мәдени ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жаңа бастамалар ұсынды
Өткен жылдың қараша айында Вашингтонда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Орталық Азия – АҚШ» саммиті өткен болатын. Саммит қорытындысы бойынша қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа бағыттары айқындалды. Қол жеткізілген уағдаластықтарды жалғастыру мақсатында бүгін Ташкент қаласында Орталық Азия елдері мен АҚШ мәдениет министрлерінің C5+1 форматындағы кездесуі өтті. Қазақстан тарапынан аталған жиынға Премьер-министрдің орынбасары –…
-

57 миллион оқырман: Ел кітапханалары сұранысқа сай жаңарып келеді
Бүгінде Қазақстандағы кітапханалар жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Келушілер санының артуы, оқырмандар қатарының көбеюі және кітапқа деген сұраныстың жоғары болуы қоғамда оқу мәдениетіне деген ықыластың күшейгенін көрсетеді. Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін дамытуға айрықша мән беріп отыр. Президент кітаптың зияткер, ойлы әрі прогрессивті ұлт қалыптастырудағы рөлі ерекше екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Қазіргі уақытта…
-

Балаларға қажетті сыйлықтар табыс етілді
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, ШҚО ББ “Үміт” арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы” КММ-не арнайы барып, күнделікті тұрмыста қажетті алғашқы қажеттілік заттарын сыйға табыстады. #Бақытты_балалық_үшін Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-vko/press/news/details/1235874?lang=ru
-

Таза Қазақстан: Ақтөбеде күніне 10 тонна макулатура қайта өңделеді
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күніне орай Ақтөбедегі «Lucrum Star» ЖШС қағазды қайта өңдеу зауытының жұмысы БАҚ өкілдеріне таныстырылды. Кәсіпорын екінші реттік шикізатты өңдеу арқылы өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосып келеді. Ақтөбе қаласының индустриялық аймағында орналасқан зауытта бүгінде 86 адам еңбек етеді. Кәсіпорынның сату бөлімінің қызметкері Наталья Корчагинаның айтуынша,…
-

Премьер-Министр Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді
Жиынға бейнеконференц байланыс арқылы облыс әкімі Асхат Шахаров бастаған сала басшылары мен агроөнеркәсіп құрылымдарының жетекшілері қатысты. Үкімет басшысы ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы стратегиялық маңызын атап өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саланың дамуына ерекше назар аударып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы халықтың әл-ауқатын жақсарту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономиканың тұрақты өсуі үшін шешуші…
-

Қазақстандық делегация ПХЭФ жұмысына қатысуда
XXIX Петербург Халықаралық экономикалық форумының жұмысына қазақстандық делегация қатысуда. Оның құрамына ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, ҚР РФ Елшісі Дәурен Абаев, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов,…
