Санат: Шымкент
-

Ақтөбе облысында «Ұлғайсын – Сексеуіл» автожолы қайта жаңарады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен телекөпір арқылы «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысын ресми түрде бастап берді. Телекөпірге Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облыстары қосылды. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Президентке өңірде стратегиялық маңызы бар бірнеше ірі инфрақұрылымдық жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын баяндады. Бүгінде «Ақтөбе –…
-

Қостанайда полицейлер тынысы тарылған баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті
Қостанай қаласының патрульдік полиция қызметкерлері шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған баласы бар отбасыға дер кезінде көмек көрсетті. Қостанай қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ғалымбек Данияр мен Темірлан Қаратаев АП-528 бағытында қызмет атқару барысында Дощанов және Майлин көшелерінің қиылысында ауладан жоғары жылдамдықпен шығып келе жатқан Kia Sportage автокөлігін байқайды. …
-

Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен елді мекендердегі 80 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды
Мемлекет басшысының газбен қамтамасыз етуді жеделдету және оның деңгейін 80%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында «Шу» автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы аяқталады. Үкімет бұл мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 2,9 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz. Стансаны іске қосу жылыту маусымында газ тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда…
-

«Үлгілі ауыл» аудандық конкурсын өткізу туралы хабарландыру
Үлкен Нарын ауданы әкімінің аппараты ауданның ауылдық елді мекендері арасында жыл сайын өткізілетін «Үлгілі ауыл» конкурсының аудандық кезеңінің басталғанын хабарлайды. Конкурс ауылдық аумақтарды дамытуға ынталандыру, тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендердің абаттандырылуы мен санитариялық жағдайын жақсарту, сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасын іске асыру мақсатында өткізіледі. Конкурсқа ауданның ауылдық округтері қатысуға шақырылады.…
-

Абай облысы әкімінің гранты 2026- 2027 оқу жылы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-bilim/press/news/details/1267914?lang=ru
-

Техногендік қауіпсіздік: Өндіріс орындарының төтенше жағдайға дайындығы
Павлодар облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Қазақстан электролиз зауыты» акционерлік қоғамының өндірістік базасында өткізілген оқу-жаттығу шарасына қатысты. Бұл іс-шара техногендік қатерлердің жолын кесуге және төтенше жағдай туындаған сәтте жедел әрекет ету амалдарын жетілдіруге бағытталды. Тексеріс кезінде кәсіпорынның хабарландыру жүйесінің техникалық жағдайы жан-жақты қаралып, сигналдарды беру тәртібі қатаң сақталды. Сондай-ақ диспетчерлік қызмет…
-

«Болашақ ойындары – 2026»: Астанадағы турнир жаһандық аудитория рекордын жаңартуға жақын
Астанада өтіп жатқан халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары – 2026» турнирі көрермен қызығушылығы бойынша жоба тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жақындап келеді. Жарыстың алғашқы төрт күнінің өзінде трансляциялар 85 миллионнан астам қаралымға қол жеткізді. Қазіргі қарқын сақталса, турнир аяқталғанға дейінгі жалпы аудитория көлемі 430-490 миллион қаралымға жетуі мүмкін. Мұндай нәтижеге халықаралық медиасеріктестер желісінің айтарлықтай кеңеюі ықпал етіп…
-

Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
30 шілде күні сағат 15:40-та полицияның “102” арнасына Орал қаласындағы дүкендердің бірінде белгісіз ер адамның бетперде киіп, сатушыны пышақпен қорқытып, кассадағы қолма-қол ақшаны алып кеткені туралы хабарлама түскен. Ақпарат бойынша оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары дүкен мен оған іргелес аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбаларын жедел зерделеп, күдіктінің фотокескінін әзірледі. Бірнеше минуттың ішінде барлық наряд пен қызметтерге…
-

Өндірістік нысандағы қауіпсіздік нормалары
Батыс Қазақстан облысы Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы өңірдің газ тасымалдайтын ауқымды мекемесі «Интергаз Орталық Азия» АҚ қатысты жоспарлы тексеріс жүргізді. Тексеру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, технологиялық жабдықтарды қауіпсіз пайдалану, авариялардың алдын алу, сондай-ақ газ тұтынуды реттеу бойынша нысандар тексеріліп, заңнама талаптарының сақталмағаны анықталды.Мекеме инвестор болғандықтан прокурор сүзгісінен өтті. …
-

Тұрғын үй алу тәртібі
Құрметті Жыланды округінің тұрғындары! Мемлекеттік тұрғын үй қорынан ұсынылатын тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және тұрғын үй беру Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамасына сәйкес электрондық кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады. Тұрғын үй алу тәртібі төмендегі бес кезеңнен тұрады: 1-кезең. Азамат тұрғылықты жері бойынша «Отбасы банк» АҚ филиалына немесе orken.otbasybank.kz электрондық порталы арқылы өтініш…
-

Жасанды интеллект – бизнестегі жаңа мүмкіндіктердің кілті!
5 тамыз күні Semey Hub алаңында кәсіпкерлерге, стартаптарға және цифрлық технологияларға қызығушылық танытатын мамандарға арналған «Стартап мысалында менеджментке арналған ЖИ: жеке көмекшіден ЖИ-агенттер жүйесіне дейін» тақырыбында практикалық воркшоп өтеді.Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллектті күнделікті жұмысқа енгізудің тиімді тәсілдерімен танысып, ЖИ-агенттердің мүмкіндіктерін, бизнес-процестерді автоматтандыру жолдарын және нақты кейстер негізінде заманауи цифрлық шешімдерді қолдану тәжірибесін меңгереді.Күні: 5…
-

Железин аудандық мәслихатының 53-кезектен тыс сессиясы
2026 жылғы 6 тамызда сағат 10.30-да Железин ауданы әкімдігінің кіші залында 8-сайланған Железин аудандық мәслихатының 53-кезектен тыс сессиясы өтеді. Сессияға Железин ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан прокуроры, ауданның ұйымдары мен мекемелерінің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, БАҚ өкілдері шақырылады. Сессияның қарауына: Железин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 210/8 «2026-2028 жылдарға арналған Железин аудандық…
-

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы өтті
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Асхат Шахаров, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Сессияның күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Алдымен депутаттар облыстық бюджетті нақтылау мәселесін талқылады. Нақтылау барысында білім беру саласына ерекше көңіл бөлінді. Осы мақсатта 19 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ 38 білім беру ұйымына жылыту…
-

«Бизнес план» ЖШС-да қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері қаралды
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің БҚО боыйнша департаменті өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және өңір жұмыс берушілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру аясында 31.07.2026 жылы Мемлекеттік еңбек инспекторы «Бизнес план» ЖШС-ға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы мәселелері бойынша профилактикалық сапар жасады. Кәсіпорын басшылығымен және еңбек ұжымымен өткен кездесу барысында…
-

БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР
Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін азаматтардың зейнетақы жинақтарымен не болмақ? Олардың сақталуына кепілдік беріле ме? Бұл кепілдік немен қамтамасыз етіледі? Әлеуметтік кодекстің 217-бабында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік…
