Санат: Шымкент
-

Мемлекет басшысы: «5 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді»
Мемлекет басшысы: «Бүгін баршаңыз тарихымыздағы аса маңызды, мән-мағынасы айрықша, ел өмірінде өшпес із қалдыратын оқиғаның куәсі болдыңыздар. Мен Мемлекет басшысы ретінде бүкіл халық атынан Ата заңымызға қол қойдым. Сонымен қатар Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. Енді Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді. Ал Конституция күнін мемлекеттік мереке…
-

16 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүр күні
Наурызнаманың онкүндігі аясында 16 наурыз- Мәдениет және салт- дәстүр күніне орай, Ақтоғай ауылдық округі ауылдық клубында Келін түсіру және Тұсау кесер салт -дәстүрлері сахналанып, ұлттық құндылықтарымыз насихатталды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері, ырым-тыйымдары мен әдет-ғұрыптарын кеңінен насихаттау, олардың тәрбиелік мәнін жас ұрпақтың санасына сіңіру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру – шараның басты мақсаты…
-

Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қала тұрғындарымен кездесу өткізді
Кездесу барысында қала әкімі Серік Мұхамедиев жүзеге асырылған жобалар мен 2026 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. Өз кезегінде облыс әкімі өңірде атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы кезеңге арналған негізгі даму бағыттарын айқындады. Ашық диалог барысында тұрғындар абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтан бастап әлеуметтік инфрақұрылымға дейінгі өзекті мәселелерін тікелей қойды. Барлық сұрақтар бойынша нақты түсіндірмелер беріліп,…
-

17 наурыз- Шаңырақ күні
Наурызнаманың онкүндігі аясында 17 наурыз- Шаңырақ күніне орай мекеме қызметкерлері 40 жылдам астам бірге шаңырақ көтерген Тілеужан Тәңірбергенұлы мен Гүлжан Әділжанқызы шаңырағына арнайы барып,ізгі тілектер айтылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-aktogay/press/news/details/1185569?lang=kk
-

«Наурызнама» онкүндігі аясында ҚР АШМ қызметкерлері арасында жарыстар өткізілді
Ауыл шаруашылығы министрлігінде Наурыз мерекесіне орай спорттық жарыстар өтті. Оған ведомствоның 100-ге жуық қызметкері қатысты. Жарыстарды өткізудің мақсаты – ұжымдық рухты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерді сақтау және дамыту. Ашылу салтанатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы Сергей Ли мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға әділ бәсеке мен жоғары нәтижелер тіледі. Жарыс бағдарламасына…
-

18 наурыз – Ұлттық киім күні
Наурызнаманың онкүндігі аясында аталып өтетін Ұлттық киім күні – халқымыздың бай мәдени мұрасы мен дәстүрін дәріптеуге арналған ерекше мереке. Бұл күні ұлттық киімдеріміздің сәні мен мағынасы насихатталып, олардың тарихы мен тәрбиелік мәні кеңінен таныстырылады.Ұлттық киім – халқымыздың болмысы мен рухани құндылықтарының айқын көрінісі. Осы орайда, әкімшілік, клуб, кітапхана қызметкерлері ұлттық нақыштағы киім киіп, салт-дәстүрімізді ұлықтады.…
-

Талдықорған қалалық мәслихат депутаттарының назарына!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихатының VІIІ шақырылымдағы кезекті сессиясы 2026 жылдың 31 наурыз күні, сағат 10:00 шақырылады. Сессияның өтетін жері: Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256. Сессия отырысы қалалық мәслихатта өтеді (117 кабинет). Күн тәртібі: «Жетісу облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің 2025 жылғы қызметінің…
-

Наурыз мерекесі аясындағы – Жаңару күніне орай Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары көшет отырғызу жұмыстарына қатысты.
Наурыз мерекесі аясындағы – Жаңару күніне орай Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары көшет отырғызу жұмыстарына қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-taldykorgan/press/news/details/1185573?lang=kk
-

16 – НАУРЫЗ: ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛДІ, ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ
Наурызнама онкүндігі аясында орталық алаңда 16 наурыз – Шаңырақ күніне, сондай-ақ мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай халқымыздың бай мұрасын дәріптеуге арналған «Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке» атты салт-дәстүрлік қойылым-концерт өтті. Мерекелік шара барысында қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері көпшілікке ұсынылды. Ұлттық тағамдар мен кітап көрмесі, сондай-ақ тұсау кесу, сырға…
-

17 – МАРТ ШАҢЫРАҚ КҮНІ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРАЛАРМЕН БАСТАУ АЛДЫ
Наурызнама онкүндігі аясындағы «Шаңырақ» күні бүгін ерекше мазмұнды әрі тағылымды шаралармен жалғасын тапты. Орталық алаңда қаз-қатар тігілген ақшаңқан киіз үйлер ұлттық рухты асқақтатып, мерекенің көркін қыздырды. Әр шаңырақтан қонақжайлықтың лебі есіп, көпшілікке дәстүр мен бірліктің айқын көрінісі ұсынылды. Мерекелік шараларға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев арнайы қатысып, көпшіліктің қатысуымен өтіп жатқан салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарға куә болды.…
-

ШАҢЫРАҚ КҮНІ: АРАЛДА 10 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Көктемнің шуақты мерекесі – Наурызнама аясындағы Шаңырақ күні Арал ауданында ерекше қуанышпен аталып өтті. Бұл күн отбасы құндылықтарын дәріптеп, әр шаңыраққа шаттық сыйлайтын мерейлі сәттердің бірі болды. Аудан бойынша бүгін 10 сәби дүниеге келіп, оның 7-еуі қыз бала, 3-еуі ұл бала. Жаңа өмірдің бастауы болған бұл қуанышты сәт әр отбасы үшін ұмытылмас мерекеге айналды. Айтулы…
-

ШАҢЫРАҚ КҮНІНДЕГІ МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР МАЗМҰНДЫ ДА ӘСЕРЛІ ӨТТІ
Орталық алаңда «Бақытты отбасы – берекелі шаңырақ» атты дәстүрлі қойылым сахналанып, Арал аудандық мәдениет үйі, №2 мектеп-интернаты және «Гүлдер» балабақшасының кішкетай өнерпаздарының қатысуымен жұртшылық назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Көрермендер ұлттық құндылықтарды дәріптеген тағылымды қойылым мен өнерлі ұжымдардың өнеріне тәнті болды. Ал кешкілік Аманөткел, Қосжар, Бөген, Қаратерең және Жаңақұрылыс ауылдарының өнерпаздары сахна төрінде ән мен жырдан…
-

18- НАУРЫЗ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТІЛУДЕ
Бүгін Наурызнама онкүндігінің бесінші күні – Ұлттық киім күніне орай орталық алаңда «Дәуір дефилесі» атты ұлттық және заманауи үлгідегі киімдер көрсетілімі мен қойылым-концерт ұйымдастырылды. Тағылымы мол шара барысында көрермендерге қазақтың дәстүрлі киімдерінің сан алуан түрлері ұсынылып, олардың ерекшеліктері мен сәндік мәні кеңінен насихатталды. Сахналық қойылымдар мен әсем әуендер кештің мазмұнын арттырып, ұлттық нақыштағы көрсетілімге ерекше…
-

НАУРЫЗНАМА АЯСЫНДА ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАРДЫҢ РОБОТОТЕХНИКА КӨРМЕСІ ӨТТІ
⚜️Ауданда Наурызнама онкүндігі аясында мазмұны бай, болашаққа бағытталған ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Аудандық Мәдениет үйінде жалпы білім беру мектептерінің оқушылары қатысқан робототехника көрмесі өтіп, жас дарындардың тың ізденістері мен заманауи технологияға деген қызығушылығы көрініс тапты. ⚜️Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін Наурыз мерекесі аясында ұйымдастырылған бұл көрме – өскелең ұрпақтың салт-дәстүрмен қатар, ғылым мен білімге құлшынысын артыру мақсатындағы игі-шара. …
-

Қазақстан Женевада БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетіне кандидат ұсынды
Женева, 2026 жылғы 19 наурыз – Женевадағы Адам құқықтары жөніндегі кеңес сессиясының аясында Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігі Ұлттар сарайында БҰҰ-ның Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары жөніндегі комитетіне (CRPD) мүшелікке Ляззат Қалтаеваның кандидатурасын таныстыруға арналған іс-шара өткізді. Іс-шараға елшілер, халықаралық ұйымдардың өкілдері және адам құқықтары саласындағы сарапшылар қатысты. Іс-шараны ашқан Қазақстанның Тұрақты өкілі,…
