Санат: Шымкент
-

Интернет-алаяқтықтан қалай қорғануға болады
Соңғы уақыттаинтернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтар өздерін банктердің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік органдардың, байланыс операторларының және басқада ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін. Алаяқтық әрекеттерден қорғану үшінт өмендегі ұсыныстарды сақтау қажет: бөгде адамдарға ЖСН-іңізді, банк карталарының деректемелерін, CVV-кодтарынжәне SMS-кодтарынайтпаңыз; күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және бейтаныс адамдардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпаңыз; өздерін мемлекеттік органдардың немесе банктердің қызметкерлері…
-

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда
Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында көпқабатты тұрғын үйлерде профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, пәтер терезелеріне арнайы қорғаныс блокираторлары орнатылды. Сонымен қатар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау, терезе маңына жиһаз қоймау және қорғаныс құрылғыларын тұрақты пайдалану қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар тұрғындарды балалардың қауіпсіздігіне…
-

ҚР ІІМ басқару академиясы магистратура мен докторантураға қабылдау тәртібін түсіндірді
Алматы облысы Полиция департаментінде құқық қорғау саласына жоғары білікті кадрлар даярлайтын жетекші білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараны Академияның Ғылыми орталық бастығы, полиция подполковнигі, философия докторы (PhD), қауымдасқан профессор Данияр Қайырбекұлы Райбаев жүргізді. Кездесуге Алматы облысы ПД Патрульдік полиция батальонының, Қонаев қаласы Полиция басқармасының…
-

Сарыкөл ауданының әкімі М.Л. Шымырбековтың Тимирязев ауылының тұрғындарымен кездесуі.
2026 жылы 11 маусымда, Тимирязев ауылдық клубында Сарыкөл ауданының әкімі М.Л.Шымырбеков Тимирязев ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылып жатқан жобалар мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы ақпарат берді. Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-timiryazev/press/news/details/1240035?lang=ru
-

Маңғыстау облысы бойынша департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп мәселелері бойынша жиналыс өткізілді
2026 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Жанабай Усембаевич Аймаганбетовтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша жиналыс өткізілді. Жиналысқа Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің барлық қызметкерлері қатысты.…
-

Таразда 196 пәтер пайдалануға берілді
Бүгін Тараздағы «Ұлы дала» шағын ауданында 196 пәтер пайдалануға берілді. Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова және шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, қоныстой иелерінің қуанышына ортақтасты. Ең алдымен Ербол Шырақпайұлы ізгі тілегін білдіріп, пәтер кілттерін табыстады. Аймақ басшысы өз сөзінде жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылы облыс…
-

“Ертіс ауданы әкімінің аппараты” ММ ауданның жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметтегі бос жұмыс орындары туралы хабарлайды
“Ертіс ауданы әкімінің аппараты” ММ ауданның жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметтегі бос жұмыс орындары туралы хабарлайды: “Ертіс ауданы әкімінің аппараты” ММ: персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы, аудан әкімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы. “Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі” КММ: бас маман, бас маман (уақытша, негізгі…
-

Әдеп кодексінің талаптары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды түсіндіру
Департамент мемлекеттік қызметшілерімен Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды орындау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саясатын іске асыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1240023?lang=ru
-

Бір қате шешім. Бір сәт. Бір өмір…
Кейде тағдырды өзгерту үшін бір-ақ сәт жеткілікті. Ішімдік адамның назарын әлсіретіп, дұрыс шешім қабылдау қабілетін төмендетеді. Ал жол қателікті кешірмейді. Бір сәттік жауапсыздық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Рөлге отырмас бұрын ойланыңыз: сізді үйде күтіп отырған жандар бар. Жетісу облысының полициясы азаматтарды жауапкершілік танытуға шақырады Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1240024?lang=ru
-

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
🔶 Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Абдрахманов Ербол Мұсаұлы 2026 жылғы 12 маусым күні Қармақшы ауданында «Руханият орталығы» ғимаратында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. 🔶 Қабылдау барысында азаматтарға өздерін толғандырған сұрақтары мен мәселелері бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап беріліп, түсіндірме жұмыстары…
-

«Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы тұжырымдамасы
2026 жылғы 19 маусымда Ұлытау ауданының орталығы Ұлытау ауылында Ұлытау облысы Әділет департаментімен «Заң мен тәртіп» қағидасын ілгерілету, сонымен қатар «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын іске асыру бойынша азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтын осал топтарына мемлекет кепілдік бергең заң көмегін көрсету мақсатында Ұлытау облысы Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездесу ұйымдастыру жоспарлануда.Аталған іс-шараға Ұлытау облысы Әділет…
-

Павлодарлық студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер
Павлодар сервис және тамақтану колледжінде заманауи талаптарға сай жабдықталған Құзыреттіліктер орталығының салтанатты ашылуы өтті. Жоба еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауға, студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге және халықаралық стандарттарға сәйкес бәсекеге қабілетті кадрлар қалыптастыруға бағытталған. Жаңа орталықта мейрамхана қызметі, аспаз ісі, кондитер ісі, қонақ үй бизнесі және туризм бағыттары бойынша тәжірибелік оқыту ұйымдастырылады. Сонымен қатар мұнда…
-

Шымкентте 200-ге жуық азаматқа жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді
Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері мен Мансап орталығының мамандары бірлесіп, ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды, оның ішінде соттылығы алынбаған немесе өтелмеген адамдарды жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Іс-шара барысында 200-ге жуық азамат жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алып, бос жұмыс орындарымен және жұмыс берушілердің талаптарымен танысты. Мамандар оларға лайықты жұмыс орындарын…
-

“Құқық кабинеті”
“Ақан сері“ ЖМ қызметкерлері арасында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заң ақпаратына қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған “құқық кабинеті“ сервисін пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында азаматтарға платформаның мүмкіндіктері, құқықтық көмек алу тәртібі, Нормативтік құқықтық актілермен танысу туралы айтылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-ruzaev/press/news/details/1240010?lang=ru
-

Баянауыл ауданына МӘС бөлімінің көшпелі отырысы.
2026 жылғы 12 маусымда бекітілген кестеге сәйкес №2 медициналық–әлеуметтік сараптама бөлімі куәландыру мақсатында көшпелі отырыс өткізу үшін Баянауыл ауданына барды. Сондай-ақ, №2 медициналық–әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы А. К. Жангелдина Баянауыл ауруханасының дәрігерлерімен 14 дәрігер санында Павлодар облысы бойынша мүгедектіктің негізгі көрсеткіштерін талдау, “мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау“мемлекеттік…
