Санат: Шымкент
-

Астанада медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Елімізде жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде Медицина қызметкерлері күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай елордалық ақ халаттылар Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда бас қосты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Ақ халатты абзал» жандар қызыл кілем үстімен жүріп өтіп, арнайы қабырғаға қолтаңбаларын қойды. Осыдан кейінгі салтанатты іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. «Бүгінгі көңіл күйіміз…
-

Астанада Орталық Азиядағы Цзянсу провинциясының орталығы ашылды
Астанада Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Қытай (Цзянсу провинциясы) – Қазақстан» сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы өтті. Іс-шара екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды. Форум аясында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясы партия комитетінің хатшысы Синь Чжансин…
-

Түркістан облысында той кортежінде жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Түркістан облысында үйлену тойының автокөлік кортежі барысында бірқатар жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталды. Полицияға Төрткөл ауылы маңында бірнеше көліктің ережені өрескел бұзып жүргені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары аталған көліктерді анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде мемлекеттік тіркеу нөмірін талапқа сай тақпаған ВАЗ-21015, ВАЗ-2106 және Audi-100 автокөліктері анықталды. Сонымен қатар…
-

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте мәселелер жан-жақты талқыланды.Аймақ басшысы теміржол вокзалдарын коммуналдық меншікке қабылдауды заңнама талаптарына сәйкес уақытылы аяқтауды тапсырды.–Теміржол вокзалдарының сыртқы келбеті ғана емес, жолаушыларға қызмет көрсетуі де жаңа сапаға…
-

Целиноград ауданының дамуы жаңа деңгейге көтеріліп келеді
Целиноград ауданы: миллиардтаған инвестициялар, жаңа өндірістер мен ауқымды жобалар өңір экономикасын жаңа деңгейге көтеріп отыр Аудан Астанаға жақын орналасқан Ақмола облысындағы ең қарқынды дамып келе жатқан аумақтардың бірі ретінде өз орнын нықтап келеді. Бұған дейін мұндағы негізгі даму драйверлері тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту болса, бүгін аудан жаңа кезеңге аяқ басты. Енді басты…
-

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы Есіңізде болсын!
Кене шағуы аса қауіпті инфекцияның – Қырым геморрагиялық қызбасының даму мүмкіндігімен қауіпті. Оған қоса, табиғи ошақтардағы кенелер кене энцефалитінің қоздырғыштарын тасымалдауы мүмкін. Кенеден қорғану ережелерін сақтау және дереу медициналық көмекке жүгіну сізді аурулардан сақтап және өміріңізді сақтайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-arandy/press/news/details/1241968?lang=ru
-

Елордада медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Астанада Медицина қызметкері күніне орай салтанатты мерекелік концерт өтті. Биыл ақ халатты абзал жандарды ұлықтау рәсімі «Жаңа дәуірге келесі қадам» ұранымен ұйымдастырылды. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің сапалы жаңа даму кезеңіне өткенін білдіреді. Бүгінде медицина – заманауи технологиялар, цифрлық шешімдер мен инновациялық емдеу әдістері ғана емес, ең алдымен күн сайын білімін жетілдіріп, озық тәжірибелерді енгізіп, саланың…
-

«Денсаулық игілігі жолындағы мамандық»
Медицина қызметкері күні қарсаңында еңбек жолын халықтың денсаулығын қорғауға және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге арнаған санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің сауатты және жоғары кәсіби маманы Жібек Әбдіхадырқызы Қарахановаға шын жүректен алғыс айтамыз. 1993 жылы Павлодар медициналық училищесін “Гигиена, санитария және эпидемиология” мамандығы бойынша бітіріп, өзінің кәсіби қызметін Шарбақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында санитариялық дәрігердің көмекшісі лауазымында бастады. Жұмыстың алғашқы…
-

Жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру – басты назарда
Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртазаның төрағалығымен аппараттық кеңес отырысы өтті. Кеңесте ауданның әлеуметтік саласына қатысты өзекті мәселелер қаралып, жауапты бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Бахыт Рахымжанқызы Шертаева Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары және жасөспірімдердің жазғы демалыс кезеңіндегі бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.…
-

«Халықтық бухгалтер» акциясы маусым айында аяқталады: тегін кеңес алу үшін тек 4 күн қалды!
Құрметті салық төлеушілер! 2026 жылғы 5 қаңтарда басталған «Халықтық бухгалтер» республикалық акциясы өз мәресіне жақындап қалғанын еске саламыз. Маусым – сарапшылардан мүлдем тегін білікті көмек ала алатын соңғы ай. Акция аяқталғанға дейін барлық 4 кеңес беру күні қалды: 18, 23, 25 және 30 маусым. Егер сізде салық салу бойынша сұрақтар болса, сізді қорытынды кездесулерге шақырамыз.…
-

Үй аумағында көлік қоюға қатысты ІІМ ресми түсініктеме берді
Әлеуметтік желіде биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап тұрғын үйлердің ауласында көлік құралдарын қоюға тыйым салатын нормалар енгізілетіні туралы ақпарат таралуда. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі бұл мәселеге қатысты Жол жүрісі қағидаларына ешқандай өзгерістер енгізілмегенін түсіндірді. – Көлік құралдарын тоқтату мен тұраққа қоюға қатысты талаптар бұрынғыдай өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар көлік құралдарын гүлзарларға, көгалдарға, балалар…
-

Алматыда ауыр күйік алған балаларды оңалтудың жаңа тәсілдері енгізілуде
Алматыда балалардың реконструктивтік-пластикалық хирургиясы бойынша алғашқы халықаралық шебер сабағы аясында ауыр күйік пен жарақат салдарынан зардап шеккен жеті балаға ота жасалды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты. 11–13 маусым аралығында Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері Ресейден келген мамандармен бірлесіп тыртық, деформация және қозғалыс шектеуі бар кішкентай науқастарға күрделі оталар…
-

Қазақстан мен Корея Республикасы су ресурстары саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Тэджон, 2026 жылғы 16 маусым – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асет Исенали Корея су ресурстары корпорациясының (K-water) Атқарушы вице-президенті Сон Ён Ханмен кездесті. Кездесу барысында тараптар су ресурстарын басқару, су шаруашылығы инфрақұрылымын орнықты дамыту, заманауи цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективаларын…
-

Халықаралық серіктестерге діндердің климат мәселесіндегі рөлі мен жасанды интеллект этикасына арналған жобалар таныстырылды
Астана, 2026 жылғы 1 маусым Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы «Діни лидерлердің тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізді. Іс-шара барысында халықаралық серіктестерге «Жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық кодексі» және «Климаттың өзгеруімен күрестегі діндердің рөлі» тақырыбындағы екі ірі жобаның құжаттары таныстырылды. Конференцияға Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей, Аргентина, Таиланд, Солтүстік Македония және Үндістанның беделді…
-

Агенттік пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Ағымдағы жылдың 16 маусымында Мемлекеттік қызметістері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мен «Атамекен»Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа төрағасы ҚанатШарлапаевтың қатысуымен сыбайлас жемқорлықтәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша жиын өтті.Жиынға 100-ден астам кәсіпкер мен «Атамекен» Ұлттықкәсіпкерлер палатасының аумақтық департаменттерінің өкілдеріқатысты.Іс-шара барысында Агенттік төрағасы Дархан Жазықбайелімізде бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимыл ауқымы жылданжылға артып келе жатқанын атап өтті. Бұған 2025…
