Санат: Шымкент
-

Өкіл Облыстық балалар оңалту орталығына мониторинг жұмыстарын жүргізді
«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдерінің 2026 жылдың 1-жартыжылдығына арналған мандатқа жататын мекемелер мен өзге де ұйымдарға бару жоспарына» сәйкес, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық балалар оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барып, балалардың құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізді. Мониторинг нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктер…
-

Тунис Үкіметі Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
Тунис, 2026 жылғы 27 маусым – Тунисте өткен Инвестициялық форум аясында Қазақстан Республикасының Елшісі Әнуарбек Ахметов Тунис Премьер-министрі Сарра Заафрани Зензримен, Экономика және жоспарлау министрі Самир Абдельхафидпен, Сауда және экспортты дамыту министрі Самир Абидпен, Тунис Орталық банкінің басқарушысы Фетхи Зухайр Нуримен, Тунис қаласының губернаторы Имед Бухриспен, сондай-ақ елдің жетекші мемлекеттік және жеке компанияларының басшыларымен кездесті.…
-

Абай облысының спортшылары U15 Азия чемпионатында жүлдегер атанды
27 маусымда Таиланд Корольдігінің Паттайя қаласында өткен U15 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Абай облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына бір алтын және бір қола медаль салды. 85 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ералы Мұратов барлық белдесуін айқын басымдықпен аяқтап, Азия чемпионы атанды. Алғашқы кездесуінде Түрікменстан спортшысы Мұхамметәлі Оразовты 5:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда Өзбекстан…
-

Қазақстанның туристік әлеуеті Пхукет аралында таныстырылды
Пхукет, 2026 жылғы 26 маусым – Пхукет аралында Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге және еліміз туралы тай тілінде алғаш рет жарық көрген туристік жолсілтеменің тұсаукесеріне арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Таиланд Сыртқы істер министрлігінің, Пхукет провинциясы әкімшілігінің, Таиланд Туризм басқармасының, туристік қауымдастықтардың, жетекші туристік компаниялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Тұсаукесер барысында қонақтарға Қазақстанның негізгі туристік…
-

Қазақстан мен Таиланд екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда
Астана, 2026 жылғы 25 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстанға ресми сапармен келген Таиланд Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткеомен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында тараптар саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылды талқылады. Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды кеңейтуге және өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше…
-

Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткеомен кездесті
Мәртебелі мейманға ілтипат білдіре отырып, Мемлекет басшысы оның елімізге сапары Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынастың дамуына тың серпін беру тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. – Сіздің еліңіз Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жетекші экономикалардың бірі, Жаһандық Оңтүстіктің маңызды өкілі әрі халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі саналады. Қазақстан Таиландпен өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі. Келесі жылы елдеріміз арасында дипломатиялық қатынас…
-

Бүгін, 28 маусым – Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні
Бұл мереке 2011 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Бұл күн 1991 жылы 28 маусымда «Баспасөз және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары туралы» алғашқы ұлттық заңның қабылдануына байланысты таңдалды. Барша бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1249170?lang=ru
-

19 маусымда Аққайың ауданының әкімі Жанар Поселкеқызы Құсайын Рублевка және Каратомар ауылдарының тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізді.
19 маусымда Аққайың ауданының әкімі Жанар Поселкеқызы Құсайын Рублевка және Каратомар ауылдарының тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізді.Кездесу барысында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріліп, ауданның алдағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары таныстырылды.Сондай-ақ тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayiyn/press/news/details/1249155?lang=ru
-

26 маусымда Аққайың ауданының әкімі Жанар Поселкеқызы Құсайын Қиялы, Шағалалы және Безлесное ауылдарының тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізді.
26 маусымда Аққайың ауданының әкімі Жанар Поселкеқызы Құсайын Қиялы, Шағалалы және Безлесное ауылдарының тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізді.Кездесу барысында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріліп, ауданның алдағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары таныстырылды.Сондай-ақ тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayiyn/press/news/details/1249156?lang=ru
-

Өкіл ғылыми семинарға қатысты
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі А. Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінде Конституциялық және азаматтық құқықтық кафедрасы ұйымдастырған “Жаңа Конституция: құқық үстемдігі, конституциялық құндылықтар және әділетті мемлекеттің жаңа негіздері” тақырыбында өткен ғылыми семинарға қатысып, “Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы: негізгі өзгерістер мен қоғамдық маңызы” жайында баяндама жасап, Конституцияда айқындалған адам құқықтары мен бостандығы жайында…
-

Қазақстан мен Оман бизнес қауымдастықтарының өзара қызығушылығы Оман Сұлтандығының Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасымен кездесу барысында талқыланды
Масқат, 2026 жылғы 24 маусымда – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі А.Тұматов Оман Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы шейх Файсал бен Абдалла Әл-Рауаспен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ең келешегі зор бағыттарды, сондай-ақ екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруға бағытталған бірлескен практикалық қадамдарды талқылады. Оман тарапы Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіптік тауарларына қызығушылық танытып, жергілікті…
-

Риддерде I халықаралық RIDDER EXTREME ENDURO экстремалды мотоспорт фестивалі басталды
Риддер қаласында спортшыларды, мотоспорт әуесқойларын және Қазақстанның әр өңірі мен шетелден келген қонақтарды біріктірген алғашқы халықаралық RIDDER EXTREME ENDURO экстремалды мотоспорт фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Фестивальдің жарқын бастамасы Республика алаңында өткен райдерлердің әсерлі көрсетілімдерімен ерекшеленді. Кәсіби шеберліктерін паш еткен спортшылар көрермендерге ерекше әсер сыйлап, адреналинге толы көңіл күй қалыптастырды. Алдағы үш күнде қатысушыларды Алтайдың таулы…
-

Өкіл адам құқықтарының сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың және оның өкілдіктерінің 2026 жылғы 1-жартыжылдығына арналған медиа-жоспардың 4.1- тармағына сәйкес, Түркістан облысы бойынша Статистика департаментінің қызметкерлерімен әдеп, адалдық және адам құқықтарының сақталуы мәселелері бойынша түсіндіру кездесуін өткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-turkistan-oblysy/press/news/details/1249161?lang=ru
-

ЖЕТІСАЙДА ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ЖЕТІСАЙДА ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Жетісай ауданында «Заң мен Тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті. Ауданның ақ халаттыларымен және пробация есебінде тұратын азаматтармен, ауыл шаруашылығы салысы мен жергілікті тұрғындар арасында өткен басқосуларда қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жастарды теріс діни идеологиялардың ықпалынан…
-

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында қоғам маңызды әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіледі. Ел мен өңірдің дамуына қосып жүрген үлестеріңіз зор.Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, толайым жетістіктер, жаңа бастамалар мен еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!Мерекелеріңіз құтты болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn/press/news/details/1249152?lang=ru
