Санат: Шымкент
-

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРУ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік құрылыс компаниясының директоры Сюй Миньмен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңірде жаңа индустриалды аймақ құру жұмыстарын жеделдету бағытындағы бірлескен жобаларды талқылады. Кездесуде компания өкілдері индустриялық аймақ, бондтық қоймалар, өндірістік корпустар, жеке өндірістік нысандар, әкімшілік-тұрмыстық және сервистік орталықтар, сондай-ақ, инженерлік инфрақұрылым салу бойынша ұсыныстарын жеткізді. Аталған жоба іске асқан жағдайда, оның…
-

Атырау қаласы Мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Атырау қаласы Мәслихаты Атырау қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамы қалыптастырылатыны туралы хабарлайды. Әрбір саяси партия тиісті учаскелік сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға…
-

Астанада Жасанды интеллект бойынша 3-ші Халықаралық олимпиадасы (IOAI 2026) өтуде
3 тамызда Астанада Жасанды интеллект бойынша 3-ші Халықаралық IOAI 2026 олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бір апта бойы Қазақстанның астанасы талантты оқушылардың, жетекші сарапшылардың және әлемдік технологиялық индустрия өкілдерінің бас қосатын алаңына айналды. Олимпиаданы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев,…
-

Маңғыстауда ««Shubat Fest – 2026» республикалық шұбат фестивалі өтеді
29 тамызда Ақтау қаласында «SHUBAT FEST – 2026» республикалық шұбат фестивалі өтеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали мәлімдеді. Спикердің айтуынша, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен өткізілгелі отырған ауқымды іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстандағы үздік шұбат өндірушілерді анықтау, түйе сүтінен өндірілетін өнімдердің сапасын…
-

Құрылтай – 2026
Құрметті отандастар! 2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №405 сайлау учаскесінде (мекенжайы: Avenue Van Bever 30, 1180 Brussels, Belgium) Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді. №405 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігі аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының…
-

Астанада Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы Келісімге қол қойылды
2026 жылғы 3 тамызда Марокко Корольдігінің Әділет министрі Абделаттиф Уахби бастаған делегацияның Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы Сарсембаевпен кездесуі өтті. Кездесу барысында Е. Сарсембаев марокколық делегацияны Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі новеллаларымен, Әділет министрлігі қызметінің негізгі бағыттарымен, елде жүзеге асырылып жатқан құқықтық реформалармен, әділет жүйесін дамытудың заманауи тәсілдерімен, мемлекеттік…
-

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы интернет-кеңістігіндегі діни сипаттағы іс-шараны көпшілікке жария түрде насихаттау және діни қызмет элементтерін қоғамдық орында ұйымдастыруға қатысты талдау жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижесінде, @zhanbol_nurmukhanbet «Threads» парақшасында «Бесплатный кофе за суру из Корана. С сегодняшнего дня запускаем акцию! Если вы сможете прочитать любую суру из Корана наизусть, мы угостим вас чашкой кофе бесплатно. Акция действует 7 дней – до 10 августа включительно. Астана, Қабанбай батыра, 58Б Ждём вас! Пусть эта акция станет поводом вспомнить или выучить ещё одну…
-

ART EXPEDITION – MONGOLIA 2026 «Көшпенділер ізімен» жобасы басталды!
ART EXPEDITION – MONGOLIA 2026 «Көшпенділер ізімен» жобасы басталды! «Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырмасымен жүзеге асырылатын ART EXPEDITION – MONGOLIA 2026 «Көшпенділер ізімен» халықаралық мәдени жобасы өз жұмысын бастады. Жоба Маңғыстау облысы мен Моңғолия Республикасы арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, өңір суретшілерінің шығармашылығын халықаралық деңгейде танытуға және шығармашылық тәжірибе…
-

Қазақстанда жаңа стратегиялық автомобиль жолдарының құрылысы басталды
3 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір форматында бірқатар ірі автомобиль жолдарының құрылысын бастады. Негізгі жобалардың бірі – ұзындығы шамамен 800 км Бейнеу–Сексеуіл автожолы. Жаңа бағыт Қытай шекарасын Ақтау және Құрық порттарымен тікелей байланыстырып, Қытай–Еуропа бағытын шамамен 1 000 км-ге қысқартуға және жүктерді жеткізу уақытын 3 күнге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қызылорда–Сексеуіл және…
-

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының мамандары интернет-кеңістікте заңсыз миссионерлік қызметпен айналысатын және діни материалдар жариялайтын желі қолданушыларының арасында Айнұр Асенберді атты журналисттің әлеуметтік желідегі парақшаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында Айнұр Асенбердінің 31.07.2026 жылы youtube парақшасында жарияланған «Сізге уағыз айтуға тиым салынды. Енді не істейсіз? Дарын Мубаров|» атты подкастқа ҚР аумағында тіркеусіз діни миссионерлікпен айналысқан Дарын Мубаровпен түсірген подкасты анықталған. Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы тарапынан хабарландыру болғанына қарамастан әлеуметтік желілерде бұл подкастты жариялаған. Аталған материал бойынша құқықтық баға беріледі және діни…
-

«АС-КА» ЖШС-ДЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Департаменттің еңбек заңнамасы бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Нұғыманова Қызылорда қаласында орналасқан «Ас-кА» ЖШС-де еңбек заңнамасының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында еңбек ұжымымен кездесу өткізіліп, еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша үстіміздегі жылы заң нормаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1268768?lang=ru
-

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары!
Кентау электр желілері тарапынан жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, 4 тамыз күні сағат 01:00-ден 03:00-ге дейін ПС 35/10 кВ «Шой» электр қондырғысының 35 кВ ажыратқышында реттеу және жөндеу жұмыстары атқарылады. Осыған байланысты аталған уақыт аралығында төмендегі аумақтарда электр энергиясын беру уақытша тоқтатылады: Өшірілетін аумақтар: * Шауғар тұрғын алабы; * Коммунизм және Ортақ елді мекендері; *…
-

ТҮРКІСТАНДА «TURAN» АКВАПАРКІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан қаласында туризм және демалыс инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жобалардың бірі – «Turan» аквапарк-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды жалғасуда. Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы құрылыс алаңын аралап, нысандағы жұмыстардың барысымен танысты. Құрылыс өкілдерімен кездесіп, жобаның жүзеге асу қарқынын, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен қауіпсіздік шараларын және алдағы жоспарларды талқылады. Қазір құрылыс алаңында 160 жұмысшы еңбек етуде.…
-

Жаздың ең жылы мекені – Түркістан 💛
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1268771?lang=kk
-

ШҚО-ның шетелге экспорт көлемі биыл 1,5 млрд АҚШ долларын құрады
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Жиын барысында өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені өнімдерінің экспорты 7 млрд долларға жеткені айтылды. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 37 пайызға артқан. «Экспорттың жартысынан астамын өңдеу деңгейі жоғары өнімдер құрайды. Бұл елдегі қайта өңдеу өнеркәсібінің қарқынды…
