2024 жылғы қаңтар-қазандағы Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

www.stat.gov.kz
Баспасөз хабарламасы
№ 1039-ІҚ
2024 жылғы 15 қараша
2024 жылғы қаңтар-қазандағы Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары
2024 жылдағы өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі 2023 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімінің нақты көлемінің өсуі болып табылды.
Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 1 610,6 млрд. теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 4,0%-ді құрайды. Өнеркәсіптік өндірістің индексінің көрсеткіші 2023 жылғы қаңтар-қазандағы деңгейге қатысты алғанда 100,8%-ға бағаланды.
Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (69,3%) тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 27,8%-ды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 2,5%-ды, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,4%-ды құрады.
2024 жылғы қаңтар-қазанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 1 115,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 1,4%-ға жоғары. Металл кендерін өндіруі 1,3%-ға өсті.
Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы қаңтар-қазанда 447,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 98,9%-ды құрады. Көбею машина жасауда – 28,2%-ға, тамақ өнімдерін өндіруде – 4,3%-ға байқалды.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 40,7 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 116,2%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда – 24,1%-ге өсу байқалды.
Сумен жабдықтауда; су бұруда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 6,2 млрд.теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 17,0%-ға төмен. Кемуі қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 36,5%-ға, суды жинау, тазарту және бөлуде – 0,6%-ға байқалды.
Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты Аягөз ауданының өнеркәсіп өндірісі алады (өндіріс көлемінің 50,2%-ы), Жарма ауданында – 19,9%-ы. Семей қаласында өнеркәсіп өндірісі облыстық көлемінің 16,3%-ы, Жаңасемей ауданында – 8,7%, Бородулиха ауданында – 3,4%-ы өндірілді.
Әдіснамалық түсіндірмелер
Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/ Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы
Орындаушы: өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімінің бас маманы
А.Т.Майкибаева
Тел. +7 7222 52-49-18
Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлім басшысы
Ш.А. Исаханова
Тел. +7 7222 52-49-18
Адрес:
180000, Cемей қаласы
Мәңгілік ел көшесі, 25
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/884390


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді