Абай ауданында тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай ауданына қарасты Саржал және Медеу ауылдық округтерінде жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды. Мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған он азамат баспаналы болды.
Бұл өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бағдарламаның бір бөлігі. Биыл облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен аудандағы сегіз ауылдық округ пен бір елді мекенде 70 жаңа жалдамалы пәтер кезең-кезеңімен беріліп жатыр.
Кілт табыстау рәсімінде аудан әкімі Мейіржан Смағұлов тұрғындарды көптен күткен қоныс тоймен құттықтады.
«Тұрғындардың жағдайын жақсарту – жергілікті атқарушы орган жұмысының басым бағыттарының бірі. Біз ауылдық елді мекендерде тұрғын үй салу және тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруды жалғастырудамыз», – деді Мейіржан Смағұлов.
Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып, халық жүрегінен орын тапқан әндер орындалып, қойылымдар қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/885140


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді