«Бауырына салу» фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Бауырына салу» фильмінің операторы Жанарбек Елеубек Asia World Film Festival (AWFF) фестивалінде «Үздік операторлық жұмыс» жүлдесін еншіледі.
Асхат Кучинчирековтің «Бауырына салу» фильмі Қазақстан атынан ресми түрде «Шетел тіліндегі ең үздік фильм» номинациясында 2025 жылғы «Оскар» сыйлығына ұсынылды.
Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.
Айта кетейік, «Бауырына салу» фильмінің премьерасы өткен жылы Сан-Себастьян кинофестивалінде өтті. Онда фильм сыншылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағаланды. Фильм қазақ дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесінде болған баланың тарихын баяндайды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888988


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді