Энергетика министрлігінде «АЭС салуға менің көзқарасым» тақырыбы бойынша эссе жазу байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде 2024 жылғы қазан айында мемлекеттік қызметшілер арасында «АЭС салуға менің көзқарасым» тақырыбы бойынша эссе жазу байқауы өтті.
Байқау қорытындысы бойынша Министрліктің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің сарапшысы Смағұлова Айгерім 1-орынды, Заң қызметі департаментінің бас сарапшысы Арынбек Нұржігіт 2-орынды, Жаңартылатын энергетика көздері департаментінің практиканты Коней Малдыбай 3-орынды иеленді.
Сондай-ақ аталған шараға белсенді қатысқандары үшін Заң қызметі департаментінің бас сарапшысы Сүлейменов Жарбол, Жолданымдарды және орындаушылық тәртіпті бақылау департаментінің бас сарапшысы Ережепова Нұргүл Алғыс хаттармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/886609


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді