Шәкәрім университетіне – 90 жыл

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында Шәкәрім атындағы университеттің 90 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Университет студенттері мен қызметкерлері қазақ халқының ағартушылық күресін бейнелейтін театрландырылған қойылым ұсынды.
Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев Шәкәрім университетінің өңірдегі стратегиялық рөліне тоқталып, кадр даярлау мен экономиканы дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
«Педагогикалық, зоотехникалық-малдәрігерлік, қаржы-экономикалық және технологиялық институттарының бірігуімен құрылған бұл білім ордасы мемлекет мүддесіне қызмет жасап жүрген талай түлектің қанатын қатайтты. Ұлттың ұйытқысы болған ұлағатты жандарды тәрбилеп шығарды десек те артық емес. Қазақтың ой дариясы, сөз кеніші Шәкәрім Құдайбердіұлының есімін иеленген киелі орда келешекке кемел біліммен сенімді қадам жасап келеді. Бүгінде Бас көтерер ерлердің басын қосқан бағаналы орданың құлашын кеңге сермеп келе жатқаны біз үшін зор мәртебе», – деді Жасұлан Сәрсебаев.
Мерекелік кеште университеттің дамуына зор үлес қосқан қызметкерлерге Абай облысы әкімінің марапаттары мен алғыс хаттары табысталды.
Шәкәрім университетінің мерейтойлық іс-шаралары аясында ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор және академик Михаил Семенович Панин атындағы кабинеті ашылды, жоғары бизнес мектебінің базасында құрылған жаңа Co-working орталығы таныстырылды. Сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған бірегей мұражай ашылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/884460


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді