
Өңірде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Жылыту маусымы басталғалы ТЖБ қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, жеке тұрғын үй секторларының тұрғындары арасында 84 мыңнан астам үйлерді аралап шықты.
– Шығыс Қазақстан үшін өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бір айлық жұмыс емес. Бұл жыл бойы жалғасуы керек. Біз орман өртін алдын алдық, енді әкімдер жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалауы керек, – деді өңір басшысы.
Тексеру барысында тұрғындар арасында пешпен жылытуға, сондай-ақ электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға қатысты бұзушылықтар анықталды. 17 мыңнан астам заң бұзушылық орнында жойылды.
– Осындай жағдайға бей-жай қарамаңыздар. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көмірқышқыл газының датчиктерін орнату керек. 5 жыл ішінде 42 адам аман қалды. Сондықтан, ақшадан ары адамдардығ өмірлері маңызды, – деп қосты Ермек Көшербаев.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда 16 мыңнан астам көмірқышқыл газының датчигі орнатылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/881769

Жауап қалдыру