СҚО әкімі тарихи ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарын тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов республикалық маңызы бар «Янгуразовтың үйі» тарихи-мәдени ғимаратында болып, қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Басты міндет – ескерткіштің тарихи келбетін сақтау.
Жұмыстың әрбір кезеңінде зерттеулер мен мұрағаттық құжаттарға негізделген сәулеттік ерекшеліктер ескерілді. Бұл нысанның бастапқы келбетін барынша дәлдікпен қайта жасауға мүмкіндік береді. Қасбеттің түпнұсқа жазулары мен түстері бұрынғы қалпында сақталған.
Қайта жаңғыртудан кейін көне ғимарат мәдени орталыққа айналады. Янгуразовтың үйі екінші өмірге ие болады, ал тұрғындар мен туристер оның сұлулығы мен өткен күннің белгісін тамашалай алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/886538


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді