Қазақстандық делегация Ideas Pakistan 2024 көрмесіне қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Пәкістанның Карачи қаласында еліміздің Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрліктері және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өкілдері қорғаныс технологияларымен танысты.
Karachi Expo орталығында 55 елден 550 халықаралық қорғаныс өнімдерін өндіруші мен жеткізуші өздерінің әзірлемелерін, қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін көрсетті.
Көрмеге қару-жарақ пен оқ-дәрілер, ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар, ұрыс алаңын басқару жүйелері, арнайы жабдықтар, өнеркәсіптік және логистикалық қолдау, әскери-теңіз корабльдері және тағы басқа да қорғаныс саласының өнімдері қойылған.
Халықаралық іс-шара аясында өткен халықаралық семинарда қорғаныс технологияларының келешегін қалыптастыратын соңғы жетістіктер мен инновациялар қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/889696


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді