
Әділет министрлігінде Аппарат басшысы Сандуғаш Ерсейітова азаматтарды қабылдап, өтініштерін тыңдады.
ШҚО тұрғыны әділет органдарының қызметіне қатысты шағымдарын жеткізді.
Сандуғаш Ерсейітова істің мән-жайын зерделей келе, мәселені жедел шешуге шаралар қабылдады.
Сондай-ақ, Аппарат басшысы сот шешімдерін орындау кезінде әділеттілік пен барлық заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Көтерілген мәселелер жан-жақты сарапталып, заңда белгіленген мерзімде өтініш берушіге жеткізілетін болады.
Әділет министрлігі осы бағыттағы жұмысты жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/891563

Жауап қалдыру