Сұңғат Есімханов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін вице-министр Сұңғат ЕсімхановҚарағанды облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, оның барысында облыстың отын-энергетика кешеніндегі ағымдағы жағдайына тоқталып өтті.
Өз сөзінде вице-министра өңірді газдандыру бойынша жоспарларға ерекше тоқталып өтті.
Бүгінгі таңда Қарағанды облысын газдандыру 80 млрд теңге сомасын құрайтын 24 іске қосу кешенін іске асыруды көздеп отыр, оның ішінде: Қарағанды қаласында 29 528 үйді газдандыруға мүмкіндік беретін 16 іске қосу кешені және Теміртау қаласындағы 6 357 үйді газдандыруға мүмкіндік беретін 8 іске қосу кешені. Сонымен қатар 2457 абонентке техникалық шарттар берілді (Қарағанды қ. – 1 742, Теміртау қ. – 715), 1823 абонент газға қосылды (Қарағанды қ. – 1 167, Теміртау қ. – 656).
Бұған қоса газ желілерін салу бойынша 2024 жылға 11,1 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Оның ішінде Қарағанды қаласының АГТС-«Қарағанды «САРЫ-Арқа» МГ газ тарату желілерін, Теміртау қаласының АГТС Теміртау МГ «САРЫ-Арқа» газ тарату желілерін салу және Қарағанды облысы Шахтинск қаласын газбен жабдықтаудың тарату желілері бар Шахтинск» АГТС және газ бұру құбырын салу.
Өзекті мәселелердің бірі болып табылатын жылумен қамтамасыз ету бойынша Сұңғат Есімханов бүгінгі таңда облыстың электр станцияларының белгіленген жылу қуаты 4416,3 Гкал / сағ. қолда бар жылу қуаты – 3220,2 Гкал/сағатты құрайды.
Облыстың жылумен жабдықтаудың ірі көздері ЖЭО-3 және ЖЭО-2 болып табылады, олардың жиынтық белгіленген қуаты 2400 Гкал/сағ-тан асады, ал қолда бар қуаты 1800 Гкал/сағ-тан асады және ЖЭО-3 орташа тозуы 69 %, ал ЖЭО-2 72 %-ды құрайды
Осыған орай 2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Қарағанды облысы бойынша 2025 жылға арналған 4 жобаны іске асыруға 8,6 млрд теңге сомасында қаражат қарастырылған.
Атап айтсақ, Теміртау қаласындағы (Республика даңғылынан Ушинский көшесіндегі сорғы станциясына дейін Құрылысшылар даңғылы бойынша және Құрылысшылар даңғылынан ТК18-ге дейін (Мир даңғылы- Металлургтер даңғылы) Ушинский көшесі мен Мир даңғылындағы) жылу желілерін реконструкциялау және Қарағанды қаласының Октябрь ауданының БТ3-тен ТП1-ге дейінгі «Соединительная» жылу магистралін реконструкциялау, ЖЭО-3-тен Орталық жылу бөлу орталығы-1-ге дейінгі 1-кезектегі жылу магистралін реконструкциялау.
Сондай-ақ, вице-министр Қарағанды облысында жалпы қуаты 272,5 МВт 8 ЖЭК объектісі бар,оның ішінде қуаты 270,8 МВт 6 күн электр станциясы, қуаты 1,1 МВт 1 электр станциясы және қуаты 0,6 МВт су электр станцияларының жұмысын және энергияны жинақтау жүйесімен қуаты 500 МВт ЖЭС ауқымды жобасын іске асыру жоспарын атап өтті.
Есептік кездесуден кейін вице-министр азаматтарды жеке қабылдады, оның аясында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап ала алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/893224


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді