Заң және тәртіп: Астанада отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтіп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада тұрмыстық зорлық-зомбылықты жоюға және балалардың құқықтарын қолдауға бағытталған «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» акциясы басталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Елордалық «Қорғау Астана» әйелдер мен балаларды қолдау орталығында жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 300-ге жуық әйел психологиялық және заңгерлік көмек алғанын айтты. Сондай-ақ орталықта 238 адам баспана алды, оның ішінде 78 әйел мен 160 кәмелетке толмаған бала бар.
Орталықтың негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, адам саудасының құрбандарына және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға қайта әлеуметтенуге көмектесу. Зардап шеккендер дағдарыс орталығында 6 айға дейін тегін тұра алады, тегін тамақтана алады, психологтар мен заңгерлерден тегін кеңес алады.
Орталық мамандары зардап шеккендерді сот процестері барысында сүйемелдейді және олардың мүдделерін қорғауға қатысады.
«Біз сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеуге және қалпына келтіруге көмектесеміз. Қажет болған жағдайда басқа мемлекеттердің азаматтарына Отанына оралу үшін қолдау көрсетеміз», — деп атап өтті «Қорғау Астана» әйелдер мен балаларды қолдау орталығының басшысы Анна Рыль.
Сонымен қатар, орталық түрлі мекемелерде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында тренингтер өткізеді.
«Қорғау Астана» дағдарыс орталығы тегін және жасырын түрде көмек көрсетеді. Орталыққа +77028929777 нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайынғы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық науқаны дәстүрлі түрде 25 қараша күні, яғни әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күнінде басталып, 10 желтоқсанда, адам құқықтары жөніндегі халықаралық күні аяқталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/893187


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді