Су ресурстары және ирригация министрлігі Шу өзенінің төменгі ағысында су көлемін ұлғайтуға ниетті: министр Нұржан Нұржігітов Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындарымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы мен Түркістан облысының Созақ ауданының тұрғындарымен кездесті. Министр екі өңірдің халқымен Шу өзенінің суын бөлу мәселесін талқылады, ұсыныстарын тыңдап, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов Мойынқұм ауданындағы Фурманов су торабынан Созақ ауданына су жіберетін ұзындығы 120 шақырым айналма каналды қарап, нысанды реконструкциялау үшін құжаттарын дайындауды тапсырды.
Шу-Талас бассейндік инспекциясының өкілдері Шу өзеніндегі Тасөткел су қоймасынан су жіберіле бастағанын мәлімдеді. Бұл су Созақ ауданына ақпан айында толық көлемде жетеді деп күтілуде. Министр келесі жылы осы жұмыстардың нәтижесімен танысу үшін келетінін айтты.
«Мен осыған дейін де Тасөткел су қоймасында болғанмын. Оны реконструкциялау іс жүзінде аяқталды, шынымен де үлкен жұмыс жасалды. Екі-үш жыл ішінде біз оған 620 млн текше метр су жинаймыз. Осылайша, Шу өзенінің төменгі ағысындағы су көлемі артады. Бұл су Жамбыл облысына да, Созақ ауданына да жетеді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/894072


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді