Жаңа жыл күндері ТЖМ құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өткен екі тәулік ішінде (1-2 қаңтар) Қазақстан ТЖМ күштері 396 шығу жасады, оның 195-і өрттер мен жану оқиғаларына, 201-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға. Бұл ретте 182 адам, оның ішінде 57 бала құтқарылды және эвакуацияланды.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.
Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/912760


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді