
Бүгін полиция жаңажылдық мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшті. Осы жауапты кезеңде біздің полицейлер азаматтардың қауіпсіздігін, қоғамдық орындарда тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз етпек. Басты назарда – балалардың қауіпсіздігі.
“Жаңа жыл — бұл отбасылық мереке, адамдар туыстарына қонаққа келеді. Осыған байланысты біздің полиция өңірдегі жолдарды бақылауды күшейтті, трассадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жедел әрекет ету үшін дайын тұр. Қажет болған жағдайда олар көмекке келеді. Бұның барлығы әрбір тұрғынның мерекені қауіпсіз әрі тыныш жағдайда қарсы алуы үшін жасалуда. Бұл тек полиция қызметкерлерінің ғана емес, өңіріміздегі барлық қызметтердің міндеті. Бірлескен жұмыс жасау аса маңызды”, – деп атап өтті СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Бүгін өңір басшысы сапқа тұрған барлық полиция қызметкерлеріне олардың қызметі, кәсібилігі және өз ісіне деген адалдығы үшін алғыс білдіріп, отбасыларына жаңа жылда бақыт, табыс және сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/912862
Жауап қалдыру