
Жаңа жыл қарсаңында Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері және отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет өкілдері әлеуметтік мекемеде тұратын балалармен кездесті.
Әскери-теңіз күштері материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының әскери қызметшілері Маңғыстау облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылына барды. Онда 4 жастан 17 жасқа дейінгі 41 бала тәрбиеленеді.
Батальон командирі майор Нұржан Жүсіпов балалар мен мекеме ұжымын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, оларға мол бақыт, мықты денсаулық және табыс тіледі.
– Біз сіздерге қонаққа келгенімізге өте қуаныштымыз. Біздің қарым-қатынасымыз нығая түседі деп үміттенемін. Менің ойымша, сіздер де бізбен бірге болып, теңіз қызметі қалай ұйымдастырылғанын білуге қызығушылық танытасыздар”, – деді ол.
Әскерилер балаларға сыйлықтар табыстады. Өз кезегінде балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақтарға концерт ұйымдастырды. Әлеуметтік мекеме қызметкерлері әскери қызметшілерге ата-ана жылуын аңсайтын балаларға көңіл бөлгені және қамқорлығы үшін шын жүректен ризашылықтарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912691

Жауап қалдыру