Туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 27,3%-ға артты: 2024 жылғы 11 айдың қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2024 жылдың 11 айында елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 777,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 27,3%-ға көп (610,2 млрд теңге).
Инвестициялар көлемінің өсуі 12 өңірде байқалды, көш бастап тұрған өңірлер:
– Астана қаласы – 218,2%-ға өсті;
– Батыс Қазақстан облысы – 94,5%-ға өсті;
– Маңғыстау облысы – 50%-ға өсті;
– Атырау облысы – 183%-ға өсті;
– Түркістан облысы – 43,7%-ға өсті.

Бұл деректер инвесторлардың Қазақстандағы туристік инфрақұрылымды дамытуға қызығушылығы артып жатқанын және саланың капитал тартуда үлкен әлеуетке ие екенін көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/914526


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді