Ішкі істер министрлігі: Қызылордада полицейлер мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен қаладағы кәсіпорыннан мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан адамдар тобын ұстады.
– Қылмыстық схемаға өндіріс нысанының қызметкерлері мен күзетшілері тартылған. 20-дан астам тінту шаралары жүргізілді. 25 тоннадан астам ұрланған мұнай өнімдері тәркіленді. Күдіктілердің әрекетінен кәсіпорынға келтірілген алдын ала шығын 200 миллион теңгеден асады. Полицияға 12 адам жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжаттарсыз тасымалдау фактілері бойынша тергеу жүргізуде, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/916054


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді