
Бүгін Шымкентте орналасқан 6506 және 6698 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылғанына 33 жыл толуын атап өтті.
Салтанатты шараға офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, мерзімді қызмет сарбаздары және құқықтық тәртіп әскерінің ардагерлері қатысты.
Қазақстанның құқық қорғау органдары жүйесіндегі Ұлттық ұлан өз тарихын егемендігімізге ие болғаннан кейін 1992 жылғы 10 қаңтардан бастады. Бұл күн мерекенің бастапқы нүктесі болды.
– «Бүгін біз кәсіби мерекемізді атап өтудеміз. Тәуелсіздік жылдары құқықтық тәртіп әскері көптеген қызметтік-жауынгерлік міндеттерден өтті, қалалар мен елді мекендерде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Біздің әскери бөлім де алдына қойылған барлық міндеттерді жоғары деңгейде орындады. Сапта тұрған әрбір әскери қызметшіге, қымбатты ардагерлерімізге, барлық жеке құрамға зор денсаулық, бақыт және ісімізде табыс тілеймін», – деді бригада командирінің міндетін уақытша атқарушы полковник Төлеген Шыныбеков.
Іс-шарабарысындақызметтікміндеттерінадалорындағаны үшін жәнеҰлттықұланкүнінмерекелеугеорайқызметтеерекше көзге түскен әскери қызметшілерге төсбелгілер,грамоталаржәнеалғысхаттар табыс етілді.
Іс-шара жеке құрамның салтанатты шерумен өтуімен аяқталды.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/915974
Жауап қалдыру