Темір ауданында балабақша ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

250 орындық балаға арналған білім беру орны жеке кәсіпкердің қаржысына салынып, бүгін пайдалануға беріліп отыр.
Темір ауданы Шұбарқұдық кентінде заманауи үлгідегі жеке «Мейірім» бөбекжай-балабақшасы ашылды. Екіқабатты нысанды халық игілігіне беруге жеке кәсіпкер, «Мейірім-жүрек» ЖШС өкілі Өмірбай Жайлышев қолғабыс етті.
Ғимараттың жалпы аумағы 2300 шаршы метрді құрайды. Топ саны – 10. Барлық бөлме заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Балабақшада тұз шахтасы, оттегі коктейлі бар.
Сонымен қатар, барлық топта бейнебақылау камералары қондырылған.
Кәсіпкер сөзінше, мекеме алдағы уақытта мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жұмыс істеуге ынталы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/916569


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді