№46 бағытқа жаңа автобус-гармошкалар шығады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 қаңтардан бастап Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары №46 бағытта қатынайтын жаңа автобус-гармошкаларды пайдалана алады. Бұл заманауи көліктер жолаушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін сатып алынды. Qala Trans ЖШС эксплуатация бастығы Әлібек Асаманов азаматтардан қоғамдық көлікте тазалық сақтауды және автобустардың мүлкін ұқыпты ұстауды сұрады.
«Барлық жолаушылардан осы автобустарға ұқыпты қарап, орындықтардың артына сурет салмай, автобустарда түкірмей, ақпараттық жапсырмаларды жұлып алмауды сұраймыз. Бұл автобустар тұрғындарымыздың ыңғайлы және жайлы жүруі үшін сатып алынды. Азаматтарды қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Қаламыздағы көлікті бірге ыңғайлы әрі заманауи етіп жасайық», – деді Ә. Асаманов.
t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/917219


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді