Қазақстандық қызанақ өндірушілер өз өнімдерін Ресей Федерациясына экспорттай алады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ресей Федерациясы Қазақстаннан қызанақ әкелуге уақытша шектеулерді алып тастады. Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінде хабарлады.
Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералды қызмет (Россельхознадзор) «ВНИИКР» ФМБМ-мен бірлесіп жүргізген материалдарды талдау, сондай-ақ ҚР АШМ АӨКтегі мемлекеттік инспекция өкілдерімен келіссөздер қорытындысы бойынша 16 қаңтардан бастап «Россельхознадзор» Ресейге Қазақстаннан 36 жылыжай кешенінің қызанақтарын әкелуге уақытша шектеулерді алып тастады.
Өндіруші кәсіпорындар карантиндік объектілерден бос деп танылған жылыжай кешендерінің тізіміне енгізілген.
Қазақстандық тарап өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қалған түрлері бойынша шектеулерді алып тастау туралы келіссөздерді жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/920039


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді