Алматыда тұрғын үйдің сейсмикалық төзімділігі тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары Алматы қ. Алатау ауданындағы «Ғажайып» тұрғын ауданында орналасқан 6 қабатты тұрғын үйдің вибродинамикалық сынақтарын аяқтады.
Зерттеу жұмыстарының мақсаты – ғимараттың сейсмикалық жүктемелерге ұқсас әсерлерге жауап беруін зерттеу және жобалық есептердің дұрыстығын тексеру болды. Зерттеу барысында ғимараттың динамикалық сипаттамалары анықталып, оның деформациялану ерекшеліктері зерттеліп, құрылымдардың жағдайы бақылаудан өтті.
Сынақтар нәтижелері ғимараттың нақты жер сілкінісі кезінде болуы мүмкін күйін нақтылау үшін пайдалы болады, бұл тұрғын үй объектілерінің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ сейсмикалық белсенділік жағдайында ғимараттардың сенімділігін арттыру мақсатында заманауи зерттеу әдістерін енгізуді жалғастыруда және Қазақстанның құрылыс саласының дамуына үлес қосуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/921276


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді