Ақтөбеде 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Келесі аптада Қызылжар және Ясный тұрғын алаптарында балаларға арналған екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарлануда.
Облыс әкімі Асхат Шахаров спорт нысандарының балаларды қабылдауға дайындығын тексерді.
Қызылжардағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін «Ерзат»ПрК мердігерлік ұйымы салды. Жобаның құны – 557,97 млн теңге. Спорт нысаны 500 баланы қабылдауға қауқарлы. Волейбол, баскетбол, үстел теннисі және жекпе-жек бойынша секциялар ашылады. Сондай-ақ жүз орындық трибуна бар.
Ясныйда да дәл осындай кешен ашылады.
«Келесі аптада Қызылжар және Ясный тұрғын алаптарында жергілікті балаларға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің ашылады. Жұмыс үшін жаттықтырушылар құрамы таңдалды. Ақпан айында біз Балауса, К.Нокин және Ақжар тұрғын алаптарында тағы үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашуды жоспарлап отырмыз. Болашақта бұл кешендер балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне айналады.
Мемлекет басшысы атап өткендей, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануы үшін жастарды спортпен шұғылдануға ерекше назар аудару керек. Бұл бағытта біз спорттық инфрақұрылымды дамытуды және балалар мен жастарға барлық жағдай жасауды жалғастырып келеміз», – деп атап өтті әкім.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/924613


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді