Қазақстан мен Ресей отын-энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрлері С.Қ. Есімхановтің және Е.Қ. Ақкенженовтің Ресей Федерациясы Энергетика министрінің орынбасары                                           Р.А. Маршавинмен кездесуі болды.

Кездесу барысында қатысушылар отын-энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде мұнай-газ кен орындарын игеруге және электр энергетикасы жобаларына ресейлік тараптың қатысуын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Мұнайды, мұнай және мұнай-химия өнімдерін жеткізу,    сондай-ақ осы энергетикалық ресурстардың тасымалдау саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар осы салаларды одан әрі дамыту және екі ел арасындағы энергетикалық әріптестікті нығайту ниеттерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/924534


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді