ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларының жобасы жан-жақты талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларының жаңа жобасын түсіндіру үшін кездесу өткізді.
Онлайн кеңес 25 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айтуар Қошмамбетовпен бірлесіп «QazIndustry» ҚИЭО базасында ұйымдастырды.
Іс-шараға 500-ге жуық бизнес пен қоғам өкілдері қатысты.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге жобаның негізгі аспектілері, оның ішінде отандық тауар өндіруші мәртебесін растау тетігі жан-жақты түсіндірілді.
Құжат жобасы отандық бизнесті қолдау мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды қадамы болып табылатын қазақстандық тауар өндіруші мәртебесін растаудың нақты тәртібін айқындауға арналғанын еске саламыз.
Министрлік егжей-тегжейлі талқылау және бизнес өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғалармен әрі қарай жұмыс істеу үшін бірқатар қосымша кездесулер өткізілетінін хабарлайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/924589


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді