«Қар десанттары»: елордадағы оқушылар тазалыққа қалай көңіл бөледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» кең ауқымды эко-акциясы аясында «Қар десанттары» тақырыбында қар күреуге арналған еріктілер эстафетасы өтті. Іс-шара 113 елордалық білім беру ұйымының аумағында ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Осымен үшінші жыл ауқымды және бір мезетте елорданың барлық оқушысының қатысуымен өтіп жатыр. Білім алушылар көптеген қатысушыны тарту үшін плакаттар мен ақпараттық парақшалар дайындап, барлығына қауіпсіздік техникасы бойынша тренинг өткізді.
«Жыл сайынғы дәстүрге айналған және мектебімізде үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан маңызды эстафетаға қатыстық. Акцияның басты мақсаты – жастардың назарын қаланың экологиясы мен тазалығына аудару. Алдағы уақытта бұл бастамаға мектеп оқушылары көбірек қатысады деп ойлаймыз», – дейді №86 мектеп-гимназиясының оқушысы Жанел Тастемірова.
Астананың мектеп және студенттік парламентінің өкілдері өз ұйымдарының әкелер кеңесіне осыған қатысты эстафета жіберді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/926627


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді