ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖАНАШЫРЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Төлеби ауданында еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. Адал әрі табанды еңбек етіп, уақытпен санаспай қызмет етіп жүрген «Ленгір тазалық» КММ қызметкерлері «Тау самалы» шаңғы базасында бір күндік демалысын өткізді.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың бастамасымен ұйымдастырылған шарада еңбек адамдарына арнайы дастархан жайылып, сый-сияпат берілді.
Сондай-ақ кәсібін жетік меңгерген мамандарға ауданның тумасы жеке кәсіпкер «Біркөлік шипажайының» басшысы Асанбай Мыңбаев арнайы келіп, шипажайға жолдама табыс етті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929682


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді