«Жас сарбаз» қозғалысы өндірістік кәсіпорынмен меморандумға қол қойды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ мен «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Құжатқа қоғамдық бірлестіктің төрағасы майор Мейірбек Меңдіғалиев пен кәсіпорынның бас директоры Ербол Сәлімов қол қойды.
Меморандум өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, жастардың бастамаларын қолдауға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған.
– Ел Президенті биылғы жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Біздің тәрбиеленушілер қазаіргі заманғы сауытты дөңгелекті машиналар шығаратын кәсіпорында болды. Экскурсия балалар үшін кәсіби бағдар тұрғысынан өте пайдалы болды деп ойлаймын. Меморандум аясында біз бұл жұмысты жалғастырамыз, – деді М.Меңдіғалиев.
Меморандумға қол қою рәсімі «Жас сарбаз» балалар шығармашылық студиясы мен Орталық әскери оркестрдің концертімен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/933691


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді