Мопед ресми түрде көлікке теңестіріледі: астаналықтар нені білуі керек

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл 5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көлік болып саналады. Сондықтан оларды пайдалану үшін бірқатар құжат болуы қажет, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді пайдалану үшін полицияда тіркелу, А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі, техникалық байқаудан өту және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру полисі қажет болады.

Тіркелу үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына мынадай құжаттармен жүгіну қажет: жеке куәлік (электронды түрі де болады), техникалық құжаттама немесе мопедтің техникалық сипаттамасы.

Осыдан кейін өтініш толтырып, мопедті тексеруден өткізген соң қажетті мемлекеттік бажды төлеу керек.

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедтерді жүргізуге және A1, A немесе B санаттары бойынша жүргізуші куәлігінсіз жүруге болмайды.

Мұндай қиындықтарға тап болмас үшін мопедіңізді алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алу қажет.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/933598


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді