Өңірлік климаттық саммитке дайындық жөнінде кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде 2026 жылы өтетін Өңірлік климаттық саммитке (Саммит) дайындық жөнінде кеңес өтті. Талқылауға Сыртқы істер министрлігінің, Су ресурстары және ирригация министрлігінің, сондай-ақ Аралды құтқару халықаралық қорының (АҚХҚ) өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Саммитті АҚХҚ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет басшылары кеңесінің отырысымен бірге өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл екі іс-шараның маңыздылығын арттырып, Қазақстанның Қордағы төрағалығының қисынды қорытындысы болмақ.
Саммитке дайындық мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтастықта жалғасуда. Ағымдағы жылдың 13 наурызында Орталық Азия елдері өкілдерінің қатысуымен күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылау үшін алғашқы өңірлік консультациялар өткізу жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/941155


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді