Өскеменде екі жаңа мектеп салынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Прапорщиково ауылында, 23-шағын ауданда және Қасым Қайсенов кентінде мектеп салу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Облыс әкімдігінің отырысында ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Руфат Акрамов Прапорщиково ауылы мен Қасым Қайсенов кентінде жаңа мектептер салу үшін жер учаскелері анықталғанын мәлім етті.
Болашақта қажетті жобалар әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Нұрымбет Сақтағанов білім басқармасына бұл мәселені бақылауда ұстауды тапсырды. Жаңа мектептер облыс орталығында орын тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/942363


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді