«Қауіпсіз жол»: Қарағанды облысында республикалық акция өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысын бақылауды күшейту мақсатында 18–21 ақпанда Қарағанды облысының полиция департаменті «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл күндері аймақ жолдарында полиция жасақтары көп болады. Полиция қызметкерлері еріктілермен және қоғам өкілдерімен бірлесіп, жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше назар аудара отырып, рейдтер өткізеді.
Бұдан басқа, қоғамдық көліктер – автобустар мен таксилер тексеріледі, сондай-ақ шетелдік тіркелген автомобиль жүргізушілерінің тәртібіне бақылау күшейтілді.
Қабылданған шараларға қарамастан, жыл басынан бері облыс аумағында 44 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тауып, 58-і түрлі жарақаттар алған. Патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 15 850 оқиғасын тіркеді, оның ішінде 83 көлік құралын мас күйінде жүргізу оқиғасы бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/941286


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді