Қазақстан делегациясы Харбиндегі қысқы Азия ойындары аясында ОСА бас директорымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Азия Олимпиада кеңесінің бас директоры әрі World Aquatics басшысы Хусейн әл-Мусалламмен кездесті.

Ресми іс-шара барысында Хусейн әл-Мусаллам осы жылдың қаңтар айында Астанаға жасаған сапары аясында қонақжайлылық танытқаны үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді. Харбиндегі қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру деңгейін талқылай отырып Хусейн әл-Мусаллам Қазақстанда өткен 2011 жылғы қысқы Ойындарды ұйымдастыруда еліміздің оң тәжірибесін ерекше атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстанның ірі халықаралық жарыстарды ұйымдастырудағы әлеуетін жоғары бағалады.

Кездесу соңында Хусейн әл-Мусаллам Қазақстан өкілдерін биыл 11 шілде мен 13 тамыз аралығында Сингапурда өтетін су спорты түрлерінен әлем чемпионатына құрметті қонақ болуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938033


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді