Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ардақты ханымдар!
Аяулы арулар!
Сіздерді көктемнің шұғылалы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – сұлулық пен нәзіктіктің, мейірім мен ізгіліктің салтанат құратын мерекесі. Осы тамаша сәтте біз сіздерге алғыс айтып, аналарымызға, әжелерімізге, сүйікті жарымызға, қымбатты әпкелеріміз бен қыздарымызға ерекше құрмет көрсетеміз.
Сіздер бүгінгі таңда түрлі салада жемісті қызмет етіп, өңірдің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Экономика мен бизнес, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, білім мен медицина, мәдениет пен спорт салаларында толайым табыстарға жетіп, ел дамуына ықпал етудесіз. Сонымен қатар, отбасының ұйытқысы болып, ер азаматтардың тірегі, шаңырақтың шырайы болып отырған жансыздар.
Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз, қоғам игілігіне бағытталған істеріңіз және күнделікті қажырлы еңбектеріңіз біздің өңірдің ғана емес, тұтас елдің дамуына серпін беруде.
Әрқайсыңыз нәзіктікті, даналықты, сабыр мен қайсарлықты бойына сіңірген ерекше жандарсыздар. Осы шуақты көктем күнінде сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт пен береке, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/953598


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді