
Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан Muhamet Malo рейтингтік турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ол 72 кг дейінгі салмақта үш белдесу өткізіп, алтын медаль еншіледі.
Алғашқы айналымда Жәмилә украиналық Алла Белинскаяны жеңіп, кейін америкалық Александрия Глаудқа есе жіберді. Алайда шешуші белдесуде аргентиналық Линда Мачуканы жеңіп, бас жүлдеге қол жеткізді.
Енді жарысты грек-рим күресінің балуандары қорытындылайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/949444

Жауап қалдыру